2025 жылғы 11 мамырға Успен ауданы Қоңырөзек, Лозов, Равнополь ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалуына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялаймыз:
Төраға – Асылов Даулет Бейсенбаевич;
Төрағаның орынбасары – Джилкибаева Марал Айтужановна;
Хатшы – Исимова Зарема Бейбытовна;
Комиссия мүшелері: Бижанов Серик Базарбаевич, Бутаева Жанар Куанышевна, Жайсембаева Асемгуль Шалкыбековна, Макатаев Серик Кайргельдыевич.
Орналасқан жері: Успен ауылы, Милевский көшесі, 65, 1-қабат, аудандық Мәдениет үйінің ғимараты, тел. 8(71834)91222.