2025 жылдың 11 мамырына тағайындалған, Павлодар облысы Успен ауданы Қоңырөзек, Лозов, Равнополь ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

 

Успен аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

2025 жылғы 2 сәуірдегі № 27 қаулысына қосымша

 

 

 

2025 жылдың 11 мамырына тағайындалған, Павлодар облысы

Успен ауданы Қоңырөзек, Лозов, Равнополь ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

1. Успен ауданының Қоңырөзек, Лозов, Равнополь ауылдық округтерінің әкімдерін (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауды тағайындау

 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 2 сәуір

 (113-1-б. 1-т. 2) т.т., 2-т.)

2. Успен ауданының сайлау округтерінің тізімін, оның шекаралары мен Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2025 жылдың 12 сәуірінен кешіктірмей

 (22-б. 2-т.)

3. Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2025 жылдың 12 сәуірінен кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2025 жылдың 17 сәуірінен кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

5. Успен ауданының сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

Успен ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде – 2025 жылдың 17 сәуірінен кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

6. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2025 жылдың 3 сәуірінде басталады және 2025 жылдың 15 сәуірі жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

 (113-3-б. 1, 5-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 (113-2-б.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т.т., 31-б.)

 

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 3-т.)

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып

Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардың қол қою парақтары Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

(113-4-б. 8-т.)

 

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының  1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу (2025 жылдың 1 қаңтарына)

 

Әкімдікке кандидаттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2025 жылдың 1 қаңтарына)

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00 аяқталады

2025 жылдың 3 сәуірінде басталады және 2025 жылдың 20 сәуірі жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б. 14-т.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар және Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылдың 20 сәуірінде жергілікті уақытпен сағат 18.00-ден кейін басталады және 2025 жылдың                       10 мамыры жергілікті уақытпен сағат 00.00-де аяқталады

                                                                              (27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін              үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Успен ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2025 жылдың 21 сәуіріне дейін

 (24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2025 жылдың 25 сәуірінен бастап

 (26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2025 жылдың 1 мамырына дейін

(18-б. 5) т.т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

Ерте дегенде 2025 жылдың 8 мамыры және кемінде 2025 жылдың 10 мамыры

 (37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

 2025 жылдың 11 мамыры жергілікті уақыт бойынша

 сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскелерінде әкімдерді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т.т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін сайлау учаскесінің үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшін арнайы белгіленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

 (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну                                               

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

28. Әкімдерді сайлау қорытындыларын белгілеу

 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылдың 14 мамырдан кешіктірмей

 (113-10-б. 1-т.)

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылдың 17 мамырынан кешіктірмей

 (44-б. 4-т. 3) т.т.)

 

30. Сайланған әкімддерді тіркеу, тиісті куәліктерді беру

 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2025 жылдың 17 мамырынан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т.)

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
02 апреля 2025