Павлодар облысы Успен ауданының ауылдық округтерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына, Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 2 сәуірдегі «Павлодар облысы Успен ауданының ауылдық округтерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» № 26 қаулысына сәйкес, Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Успен ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құрды:
1) Қоңырөзек ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша – Қоңырөзек ауылдық округінің шекараларында;
2) Лозов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша – Лозов ауылдық округінің шекараларында;
3) Равнополь ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша – Равнополь ауылдық округінің шекараларында.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Успен а., Милевский көш., 65, 1-қабат, тел.: 91-2-22.
Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы