№ 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Успен аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды  бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде, Успен аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 11 қазандағы № 15 қаулысымен № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Успен аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалды.

Дата публикации
11 октября 2024