2024 жылғы 16 маусымда өткен Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы

2024 жылғы 16 маусымда өткен Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 16 маусымда Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 646 азамат енгізілді. Дауыс беруге 354 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 22 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Әділ Назымбекұлы Құрманбаев үшін сайлаушылардың 232 дауысы берілді,

Еркебұлан Бағдатұлы Мәдениетов үшін сайлаушылардың 41 дауысы берілді,

Арман Дүйсенұлы Таймасов үшін сайлаушылардың 32 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 39.

Сайлау қорытындысы бойынша Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі  болып сайланды:

Құрманбаев Әділ Назымбекұлы, 1984 жылы туған, Успен ауданының «Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әкім, Қозыкеткен ауылының тұрғыны.

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 июня 2024