Жоба
Успен ауданының аумағында көшпелі
сауданы жүзеге асыру үшін арнайы
бөлінген орындарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы «Ішкі сауда ережесін бекіту туралы»№ 264 бұйрығының 102 тармағына сәйкес, Успен ауданының аумағында сауда қызметін реттеу мақсатында, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданының ауылдық округтерінің және ауылдарының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы белгіленген орындар қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Успен ауданының ауылдары мен ауылдық округтері аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 123/7 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік - құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5202 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 тамызда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Дычко
Успен ауданы әкімдігінің
2020 жылғы «____» _______
№ ______қаулысына
қосымша
Успен ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы белгіленген орындар
|
р/с № |
Нақты орналасқан жері |
Жалпы алаңы |
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі |
Қызмет саласы |
Жақын жатқан инфрақұрылым (сауда үйлері тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын, сондай-ақ қоғамдық тамақтану нысандары) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Успен ауылы, Гагарин – Баюк көшелерінің қиылысы, «Престиж», «Олжа», «Анжела» дүкендерінің жанында |
80 м.2 |
5 жыл |
Ет, май, көкөніс өнімдері, бақша дақылдары |
«Олжа» дүкені, «Престиж» дүкені, «Анжела» дүкені |
|
2 |
Белоусов ауылы, Школьная көшесі, мәдениет үйі мен стадион аралығында |
18 м. 2 |
5 жыл |
Ет, май, көкөніс өнімдері, бақша дақылдары |
Жоқ |
|
3. |
Лозов ауылы, Мир көшесі, «Елена» дүкенінің қарсысында |
50м. 2 |
5 жыл |
Ет, май, көкөніс өнімдері, бақша дақылдары |
«Елена» дүкені |
|
4 |
Қаратай ауылы, Ыбырай Алтынсарин – Целинная көшелерінің қиылысы |
50м. 2 |
5 жыл |
Ет, май, көкөніс өнімдері, бақша дақылдары |
Жоқ |
|
5 |
Богатырь ауылы, Советов – Садовая көшелерінің қиылысы |
50 м. 2 |
5 жыл |
Ет, май, көкөніс өнімдері, бақша дақылдары |
Жоқ |
|
6 |
Константинов ауылы, Абай алаңы, «РЭГТайм» дүкенінің қасында |
40 м.2 |
5 жыл |
Тоқыма өнімдері, көкөніс өнімдері, бақша дақылдары |
«РЭГТайм» дүкені |
|
7 |
Таволжан ауылы, Кооперативная көшесі, «Камила» дүкенінің қасында |
30 м.2 |
5 жыл |
Тоқыма өнімдері, көкөніс өнімдері, бақша дақылдары |
«Камила» дүкені |
|
8 |
Тимирязев ауылы, Школьная – Алматинская көшелерінің қиылысы, бұрынғы ауыл әкімі аппаратының ғимратының қасында |
19 м.2 |
5 жыл |
Тоқыма өнімдері, көкөніс өнімдері, бақша дақылдары |
Жоқ |
|
9 |
Ольгин ауылы, Советов – Ленинкөшелерінің қиылысы, бұрынғы ауыл әкімі аппаратының ғимратының қасында |
19 м.2 |
5 жыл |
Тоқыма өнімдері, көкөніс өнімдері, бақша дақылдары |
Жоқ |
|
10 |
Қозыкеткен ауылы, Победа көшесі, орталық алаңда |
40 м.2 |
5 жыл |
Тоқыма өнімдері, көкөніс өнімдері, бақша дақылдары |
Жоқ |
|
11 |
Ковалев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 35, мәдениет үйі ғимратының қасында |
60 м.2 |
5 жыл |
Тоқыма өнімдері, көкөніс өнімдері, бақша дақылдары |
Жоқ |
|
12 |
Қоңырөзек ауылы, Милевский – Советов көшелерінің қиылысы |
50 м.2 |
5 жыл |
Тоқыма өнімдері, бақша дақылдары |
Жоқ |
|
13 |
Дмитриев ауылы, Школьная – Отан көшелерінің қиылысы |
20 м.2 |
5 жыл |
Тоқыма өнімдері, бақша дақылдары |
Жоқ |
|
14 |
Вознесен ауылы, Победа көшесі, 40, мәдениет үйі ғимратының қасында |
20 м.2 |
5 жыл |
Тоқыма өнімдері, бақша дақылдары |
Жоқ |
|
15 |
Галицкое ауылы, Школьный қиылысы, 7 бойынша Школьный қиылысы, 9/2 ғимараттарының ортасында, мәдениет үйі ғимратының қасында |
50 м.2 |
5 жыл |
Тоқыма өнімдері, көкөніс өнімдері, бақша дақылдары |
Жоқ |
|
16 |
Новопокров ауылы, Советов көшесі, 14/2 бойындағы және Советов көшесі, 16а ғимаратының ортасында
|
30 м.2 |
5 жыл |
Тоқыма өнімдері, көкөніс өнімдері, бақша дақылдары |
Жоқ |