ЖОБА
Успен ауданы әкімінің 2020 жылғы 5 қаңтардағы «Успен ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 - бабы 1 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Успен ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Успен ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» 2020 жылғы 5 қаңтардағы № 1 Успен ауданы әкімінің шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6713 тіркелген, 2020 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы № 412 сайлау учаскесі жаңа редакцияда баяндалсын:
«№ 412 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Қаратай ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 1, мәдениет үйінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекарасы: Лозов ауылдық округі Қаратай ауылының аумағы.».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен ауданы әкімі аппаратының басшысы В.П. Курсаковаға жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Успен ауданы әкімі |
|
Дычко Н.В. |
«КЕЛІСІЛДІ»
Успен аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
______________М. Джилкибаева
2020 жылғы «__» ___________