ЖОБА
Успен ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы «Успен ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы» № 8/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 - бабы 4 және 6 - тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы «Успен ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6719 болып тіркелген, 2020 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) № 8/1 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 2-қосымшасының 1 жолында «(Школьная көшесі, 1)» сөздері «(Ыбырай Алтынсарин көшесі, 1)» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімі аппаратының басшысы В.П. Курсаковаға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Успен ауданы әкімі |
|
Дычко Н.В. |
«КЕЛІСІЛДІ»
Успен аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
____________ М. Джилкибаева
2020 жылғы «__»_________