Осымен экспорт бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге (экспорттық өнімді жылжыту және тасымалдау) өтінімдерді қабылдау жалғасып жатқанын хабарлаймыз. Өтемді отандық өңделген тауарлар өндіретін кәсіпорындар (не олардың еншілес компаниялары, өндірілген өнімді өткізетін ресми өкілдер (дистрибьюторлар) және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері ала алады. Құжаттар тізбесімен отандық өңделген тауарларды ілгерілету жөніндегі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында, оларды ілгерілету жөніндегі шығындар ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесінде танысуға болады (ҚР сауда және интеграция министрінің м.а. 01.08.2022 ж. №314-НК бұйрығы). Өтінімді интернет-портал арқылы онлайн беруге болады www.export.gov.kz Нөмірлер бойынша кеңес: 87172 768511, 87172 768588 Өтінімдерді қабылдауды аяқтау-2023 жылғы 21 шілде.

Дата публикации
22 июня 2023