Успен аудандық мәслихатының «Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6қазандағы № 52/8 «Успен ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы

Жоба

 

Успен аудандық мәслихатының шешімі

 

Успен ауылы                                                                           2023 жылғы №_____

 

 

Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қазандағы № 52/8 «Успен ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қазандағы № 52/8 «Успен ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24872 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Успен ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқытужоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерінің 1, 4, 6-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарынөндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.»;

«4. Шығындарды өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.»;

«6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға немесе порталға Шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшасында негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Успен аудандық

мәслихатының төрағасы                                                           Ж.Бараисов

Успен аудандық мәслихатының «Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6қазандағы № 52/8 «Успен ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына салыстырма кесте

 

Р/с №

Құрылымдық бөліктері

Бұрынғы редакция

Жаңа редакция

Негіздеме.

Тапсырмаларға сілтемелерден басқа:

1) түзетудіңмәнін;

2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесі көрсету қажет.

1

Қосымшаның 1-тармағы

1. Осы Успен ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары).

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес.

2

Қосымшаның 2-тармағы

4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастапжүргізіледі.

4. Шығындарды өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

3

Қосымшаның 3-тармағы

6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттар Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте қандастар жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігін ұсынады.

6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға немесе порталға Шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшасында негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

 

Успен аудандық мәслихатының «Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 06 қазандағы «Успен ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша ұйде оқытуға  жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібің айкыңдау туралы» № 52/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына түсіндірме жазба

 

р/с

№

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

2

3

1.

Жобаны әзірлеуші - мемлекеттік орган

«Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2.

Жобаны қабылдаудың қажеттігінің  негіздемесі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық болжамды салдарлар

жоқ

4.

Жобаны жүзеге асырумен байланысты, болжамды қаржылай шығындар

жоқ

5.

Жоба қабылдаудың болжамды тиімділігі және күткен қорытындыларының мерзімдері, нақты мақсаттары

Шешім қабылданған сәттен бастап

6.

Бұрын қабылданған мәселелер бойынша, жобада қарастырылған нормативті құқықтық актілер туралы мәліметтер және оларды жүзеге асыру қорытындылары

жоқ

7.

Заңнамаға сәйкес келесілерді келтіру қажеттілігі, жобаға сәйкес оларды ретке келтіру үшін бұрын қабылданған нормативті құқықтық актілердің күші жойылған тану немесе өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар

жоқ

8.

Облыс әкімінің (оның орынбасарының) тапсырмасы бойынша оларды өткізу жағдайда (құқықтық,экономикалық, экологиялық, қаржылай және басқалар) қосымша сараптаманың қорытындылары

жоқ

9.

Басқа да мәліметтер

жоқ

 

   «Успен ауданының жұмыспен

    қамту және әлеуметтік

    бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы                     __________             Ж.Испулова

                                                                                                  (қолы)         

 20___ж.    «____» ____________  

              Мөр – печать

Дата публикации
14 марта 2023