"Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 67/4 қаулысы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында лауазымды мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республиканың Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Аудан әкімі |
Н. Дычко |
|
|
|
Успен ауданы әкімдігінің |
|
"Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
1) экономика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) өңірлерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Құқықтар:
1) ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан аудан аумағында орналасқан мекемелерден, кәсiпорындар мен ұйымдардан, ауылдық округтер әкiмдерi аппаратынан белгiленген тәртiппен жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн қажеттi ақпаратты алуға;
2) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;
3) аудан әкімдігіне әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
4) істерді зерделеу және әдістемелік көмек көрсету үшін басқа бөлімшелердің мамандарын тартуға;
5) "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ құзыретіне жататын мемлекеттік қызметтер бөлігінде жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) әділет органдарында "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
Міндеттері:
1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды және ұсынады;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;
3) өз қызметін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жоспарлау туралы заңнамасына сәйкес өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге қатысу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын облыс аумағында іске асыруға, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету және бақылау және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау, өз құзыреті шегінде ұсыныстар әзірлеу қатысады;
2) тиісті кезеңдегі облыс экономикасының жай-күйі туралы ақпаратты дайындау;
3) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;
4) Облысты дамыту бағдарламасының Іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысу;
5) Облысты дамыту бағдарламасының Іс-шаралар жоспарына мониторинг жүргізу;
6) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі;
7) аудандық бюджет комиссиясының жұмыс органы болып табылады;
8) бюджет заңнамасының рәсімдері шеңберінде бюджет комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді;
9) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары негізінде жаңа бастамалар үшін лимиттерді, жоспарлы кезеңге арналған аудандық бюджет тапшылығының мөлшерін айқындау;
10) аудандық бюджеттен және 4-деңгейдегі бюджет есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін және бюджеттік бағдарламаларын олардың бюджеттік және өзге де заңнамаға сәйкестігін қарау, бюджеттік өтінімдер бойынша қорытынды қалыптастыру және оларды қарау үшін аудандық бюджеттік комиссияғажолдау;
11) орта мерзімді кезеңге жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау;
12) Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және Қазақстан Республикасының Даму бағдарламасы негізінде үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджетті және 4-ші деңгейдегі бюджетті қалыптастыру;
13) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттерді нақтылау, түзету, ауданның бюджет комиссиясының қарауына тиісті құжаттарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу;
14) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру;
15) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарау және олар бойынша экономикалық қорытындылар беру;
16) жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері және республикалық бюджеттен кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланған жобалардың экономикалық қорытындыларын дайындау;
17) жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларға экономикалық сараптаманы жүзеге асыру;
18) бюджеттік жоспарлау процесін әдістемелік басқару;
19) денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, кент, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету(көтеру жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие түрінде);
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру;
21) бюджеттерден берілген кредиттер бойынша талаптардың есебін жүргізеді;
22) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн белгiленген тәртiппен қарау;
23) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды жүзеге асыру;
24) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
25) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау туралы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
1) заңнамаға сәйкес және өз құзыреті шегінде "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
"3) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынаста "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
5) өз құзыреті шегінде "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
6) "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін еңбек заңнамаға сәйкес Бөлімнің мемлекеттік қызметшісіне жүктеледі.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
"Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздересебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату