ЖОБА
Успен аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Успен селосы №_____ 2023 жылғы «__» ____________
Успен ауданы бойынша 2023 - 2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Успен аудандық мәслихатының
төрағасы
Успен аудандық
мәслихатының
2023 жылғы «___» ____________
№ _____ шешіміне
қосымша
Успен ауданы бойынша 2023 - 2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
1) осы Жоспардың 1-қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Успен ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын);
2) осы Жоспардың 2-қосымшасына сәйкес Успен ауданы аумағында жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын;
3) осы Жоспардың 3-қосымшасына сәйкес жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген Успен ауданының картасын;
4) осы Жоспардың 4-қосымшасына сәйкес Успен ауданы аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын;
5) осы Жоспардың 5-қосымшасына сәйкес Успен ауданы аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын;
6) осы Жоспардың 6-қосымшасына сәйкес Успен ауданы аумағында ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын;
7) осы Жоспардың 7-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін;
8) Жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картаны қамтиды.
20 тұқымдастыққа және 70 түрге жататын кең таралған гүлді өсімдіктердің шамамен 90 түрі бар. Кеңінен үш тұқымдастық: дәнді, күрделігүлділер, алаботалар, сондай-ақ бетеге, көде, жіңішке дұғаш, әр түрлі жусанның түрлері таралған.
Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі 1,5 - 3,5 центнерді құрайды.
Жайылымдардағы жемдердің қоры ұзақтығы 180-200 күн жайылым кезеңінде пайдаланылады.
Ауданның климаты күрт континенталдық, қыс айтарлықтай суық, жаз ыстық. Қаңтарда ауаның жарты жылдық температурасы Цельсий бойынша минус 18 градустан минус 19 градусқа дейін, шілденің орташа температурасы Цельсий бойынша плюс 20 градустан плюс 21 градусқа дейін. Жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері 250 миллиметрді құрайды. Оңтүстік-батыс және солтүстік желдер басым, шығыс аңызақ жел жиі соғып тұрады.
Санаттары бойынша жерлер бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 389 063,18 гектар;
елді мекендердің жерлері – 83 822,39 гектар;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 2 032,84 гектар;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері – 11 544 гектар;
орман қорының жері – 1 143 гектар;
босалқы жерлер – 65 620,94 гектар.
Успен ауданында жер балансының мәліметтері бойынша 389 063,18 гектар, оның ішінде жайылымдар 102 695,99 гектар жалпы ауданда 343 ауыл шаруашылығы құрылымдары есептеледі, оның ішінде:
- 215 143,69 гектар алаңда 192 шаруа (фермер) қожалықтары, оның ішінде жайылымдар 34 131,4 гектар;
- 402,2 гектар алаңда 2 бағбан;
- 41 924,99 гектар алаңда шөп шабумен және мал жаюмен айналысатын 113 азамат, оның ішінде жайылымдар 38 363,69 гектар;
- 123 537,3 гектар алаңда 32 шаруашылық серіктестер және қоғамдар, оның ішінде жайылымдар 29 351 гектар;
- 6 609 гектар алаңда 3 өндірістік кооператив, оның ішінде жайылымдар 679,9 гектар;
- 1 446 гектар көлемде 1 ғылыми-зерттеу және оқу орындары, оның ішінде жайылымдар 170 гектар.
Ауыл шаруашылығы жануарларының орташа тәуліктік су тұтынуы құрайды:
Жазғы уақытта (1 мал басына тәулігіне литр)
Сүтті сиырлар – 55;
Суалған сиырлар – 50;
2 жасқа дейінгі қысырлар – 30;
6 айға дейінгі бұзаулар – 20;
Жұмыс жылқылары, еміздірмеймін ұрғашылар – 50;
Асыл тұқымды жылқылар, еміздіретін ұрғашылар – 50;
1,5 жасқа дейінгі құлындар – 40;
7 айға дейінгі құлындар – 10;
Ересек қойлар – 8:
Қойлардың 1 жасқа дейінгі төлі – 3.
Көктемгі және күзгі уақытта (1 мал басына тәулігіне литр)
Сүтті сиырлар – 45;
Суалған сиырлар – 40;
2 жасқа дейінгі қысырлар – 30;
6 айға дейінгі бұзаулар – 15;
Жұмыс жылқылары, еміздірмеймін ұрғашылар – 40;
Асыл тұқымды жылқылар, еміздіретін ұрғашылар – 40;
1,5 жасқа дейінгі құлындар – 30;
7 айға дейінгі құлындар – 6;
Ересек қойлар – 5.
Қысқы уақытта (1 мал басына тәулігіне литр)
Сүтті сиырлар – 35;
Суалған сиырлар – 30;
2 жасқа дейінгі қысырлар – 25;
6 айға дейінгі бұзаулар – 15;
Жұмыс жылқылары, еміздірмеймін ұрғашылар – 30;
Асыл тұқымды жылқылар, еміздіретін ұрғашылар – 30;
1,5 жасқа дейінгі құлындар – 20;
Ересек қойлар – 3.
Успен ауданы бойынша жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілген нормасы:
Қуаң дала кіші аймағында:
ірі қара мал – 1 басқа 9,0 гектар;
ұсақ мал – 1 басқа 1,8 гектар;
жылқылар – 1 басқа 10,8 гектар;
Құрғақ дала кіші аймағында:
ірі қара мал – 1 басқа 8,5 гектар;
ұсақ мал – 1 басқа 1,7 гектар;
жылқылар – 1 басқа 10,2 гектар.
Успен ауданы бойынша
2023 - 2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
1-қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Успен ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Шартты белгілер:
Успен ауданы бойынша
2023 - 2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
2-қосымша
Успен ауданы аумағында жайылым айналымдарының қолайлы схемалары
Шартты белгілер:
Успен ауданы бойынша
2023 - 2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
3-қосымша
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген Успен ауданының картасы
Шартты белгілер:
Успен ауданы бойынша
2023 - 2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
4-қосымша
Успен ауданы аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы
Шартты белгілер:
Успен ауданы бойынша
2023 - 2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
5-қосымша
Успен ауданы аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Шартты белгілер:
Успен ауданы бойынша
2023 - 2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
6-қосымша
Успен ауданы аумағында ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
Шартты белгілер:
Успен ауданы бойынша
2023 - 2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
7-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
|
№ р/н |
Ауылдық округтің атауы |
Алқап нөмірлері |
|||
|
25 сәуірден 24 маусымға дейін бір реттік отау |
25 маусымнан 24 тамызға дейін бір реттік отау |
25 тамыздан 22 қазанға дейін бір реттік отау |
демалушы алқап |
||
|
1 |
Лозов ауылдық округі |
№№ 9, 10 алқаптардың, №№ II, III, V фрегаттардың солтүстік бөлігі, №№ 12, 28а, 13а, 20, 1, 8, 21, 18 алқаптары, Г-15, Гк-2 учаскелері |
№№ 9, 9а, 11а, 14а, 1а, 2б, 2а, 54, 86, 85, 88, 56, 87 алқаптары, |
№ 31 алқаптың оңтүстік бөлігі, №№ 19, 35, 38 алқаптары, №№ I, II, IV фрегаттар, |
№№ 12а, 6а, 7, 30а, 29а, 32а, 36, 28 алқаптары, № 13 алқаптың оңтүстігіне қарай жайылымдар, Г-11 учаскесі, бұрынғы Покровка елді мекені |
|
2 |
Қозыкеткен ауылдық округі |
№ 26 алқабы, Г-20, Г-21, Г-22 учаскелері |
№№ 18 (2), 25, 30, 31, 34 алқаптары, Г-20 учаскесі |
№№ 11(1), 12, 22, 46, 47 алқаптары, Г-17 учаскесі |
№№ 22, 23, 34а, 49 алқаптары, Г-11, Г-16 учаскелері |
|
3 |
Успен ауылдық округі |
№№ 13, 16, 19, 80,106 алқаптары, № 72 алқаптың бөлігі, О-9 учаскесі |
№№ 17, 18, 30, 36, 37, 106, 107, 108, 110 алқаптары, Ом-1 учаскесі |
№№ 109, 111 алқаптары, № 3, 6, 9 алқаптардың шығысына қарай жайылымдар, № 65 алқаптың солтүстігіне қарай жайылымдар |
№ 103, 104, 105 алқаптары, |
|
4 |
Ольгин ауылдық округі |
№№ 7, 7а, 64, 27, 97 алқаптары, Г-14 учаскелері, бұрынғы Борисовка елді мекенінің жайылымдары, 25а алқабының бөлігі |
№№ I, 66, 34, 40, 40а, 39 алқаптары, Г-4, Г-16, Г-17 учаскелері, бұрынғы Наташино елді мекенінің жайылымдары |
№№ 9, 34а, 43, 43а, 44, 89 алқаптары, Г - 4, Г-7, Г-8, Г-9 учаскелері |
№ 12а алқабы, № 12а алқабының шығысына қарай жайылымдар, № 25а алқабының бөлігі, № 15 алқабының оңтүстік бөлігі |
|
5 |
Қоңырөзек ауылдық округі |
№№ 23а, 24а, 48, 15, 13, 17, 19, 44, 45, 32, 33, 34, 38 алқаптары, № 37 алқаптың бөлігі, № 23 алқаптың бөлігі, Гк-1, Гк-2, Гк-3, Гк-4 учаскелері |
№ 22 алқабы, № 29 алқап бөлігі, № 23 алқаптың шығысына қарай жайылымдар, Г-11, Г-12, Гк-2, Г-14, Гк-1, Гк-5 учаскелері, бұрынғы Ульяновка елді мекенінің жайылымдары |
№№ 32, 33, 48а, 4, 22, 13, 28, 28-1 алқаптары, № 48а алқабының шығыс бөлігі, № 49 алқаптың оңтүстік-шығысына қарай жайылымдар, № 27 алқаптың бөлігі, О-8 учаскесі, Гк-5, Г-15 учаскелері |
№№ 18, 27-1 алқаптары, Г-9, Ом-1, Т-6 учаскелері, № 27 алқаптың бөлігі, бұрынғы Крупское елді мекенінің жайылымдары |
|
6 |
Новопокров ауылдық округі |
№ 6 алқап, № 32 алқаптың солтүстік бөлігі |
№№ 39, 40, 41 алқаптары, № 33 алқаптың солтүстік бөлігі |
№ 32 алқаптың оңтүстік бөлігі, Г-5, Г-6, Г-7 учаскелері |
№ 33 алқаптың оңтүстік бөлігі, Гк-3 учаскесі |
|
7 |
Равнополь ауылдық округі |
№№ 26, 26а, 27, 28 алқаптары, 8 кубаньі, Қадырбай көлінің солтүстігіне қарай жайылымдар, № 9 алқаптың бөлігі, Зеркальное су қоймасының солтүстігіне қарай жайылымдар, №№ 42, 79, 80 фрегаттары |
№№ 7а, 28а, 32а, 34а, 39, 40, 41, I, II, III алқаптары, 6, 9 кубаньдары, 1, 2 кубаньдар алқаптарынан оңтүстікке қарай жайылымдар, №№ 34, 55, 56 фрегаттары |
№№ 25а, 25б, 7б алқаптары, № 7а алқаптан солтүстікке қарай, Қадырбай көлінен оңтүстік-шығысқа қарай жайылымдар |
№№ 53, 54, 71, 72 алқаптары, Ақкөл көлінің солтүстігіне қарай жайылымдар |
Успен ауданы бойынша
2023 - 2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
8-қосымша
Жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген карта
Шартты белгілер: