Жоба
Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 8/1 «Успен ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Успен ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп Успен ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының 2-тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы алынып тасталсын.
Аким района Н. Дычко
«КЕЛІСІЛДІ»
Успен аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
____________
2023 жылғы «____» ________________
Успен аудандық әкімдігінің
2023 жылғы «__» ____________
№ _____ қаулысына
қосымша
Успен аудандық әкімдігінің
2020 жылғы 14 қаңтардағы
№ 8/1 қаулысына
1-қосымша
Успен ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
|
Р/с № |
Елді мекеннің атауы |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны |
|
1 |
Қаратай ауылы |
Ыбырай Алтынсарин көшесі, 1 (Қаратай жалпы орта білім беру мектебі ғимаратының жанында) |
|
2 |
Богатырь ауылы |
Советов көшесі (Богатырь ауылының орталық алаңы) |
|
3 |
Лозов ауылы |
Мир көшесі (Лозов ауылының орталық алаңы) |
|
4 |
Ковалев ауылы |
Тәуелсіздік көшесі (Ковалев ауылының орталық алаңы) |
|
5 |
Қозыкеткен ауылы |
Победа көшесі (Қозыкеткен ауылының орталық алаңы) |
|
6 |
Тимирязев ауылы |
Алматинская көшесі (Тимирязев ауылының орталық алаңы) |
|
7 |
Ольгин ауылы |
Советов көшесі (Ольгин ауылының орталық алаңы) |
|
8 |
Ольхов ауылы |
Школьная көшесі, 18 (Ольхов ауылының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында) |
|
9 |
Қоңырөзек ауылы |
Милевский көшесі, 35 (Қоңырөзек ауылының орталық алаңы) |
|
10 |
Дмитриев ауылы |
Куйбышев көшесі, 5 (Дмитриев ауылының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында) |
|
11 |
Надаров ауылы |
Мир көшесі, 14 (Надаров ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында) |
|
12 |
Вознесен ауылы |
Победа көшесі, 40 (Вознесен ауылының орталық алаңы) |
|
13 |
Константинов ауылы |
Абай көшесі (Константинов ауылының орталық алаңы) |
|
14 |
Равнополь ауылы |
Ленин көшесі, 111 (Равнополь негізгі жалпы білім беру мектебі ғимаратының жанында) |
|
15 |
Таволжан ауылы |
Кооперативная көшесі (Таволжан ауылының орталық алаңы) |
|
16 |
Успен ауылы |
Гагарин көшесі (Успен ауылының автовокзал ғимараты жанындағы алаң) |
|
Қазыбек Би көшесі (Успен ауылының орталық алаңы) |
||
|
17 |
Белоусов ауылы |
Школьная көшесі, 10 (Белоусов ауылының мәдениет үйі ғимаратының жанында) |
|
18 |
Травян ауылы |
Достык көшесі (Травян ауылының орталық алаңы) |
|
19 |
Галицк ауылы |
Школьный тұйық көшесі (Галицк ауылының орталық алаңы) |
|
20 |
Новопокров ауылы |
Советов көшесі (Новопокров ауылының орталық алаңы) |