Успен ауданы әкімдігінің «Успен ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 2/1 «Успен ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасы

Жоба

 

Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 2/1 «Успен ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Павлодар облысы Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 2/1 «Успен ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7186 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

«Успен ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»;

көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Успен ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.»;

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Успен ауданының әкімі

 

Н. Дычко

 

Дата публикации
22 ноября 2022