Успен аудандық мәслихатының «Успен ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің жобасы

Жоба

 

 

 

Успен ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының                    2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 787 қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелерін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
  2. «Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
22 ноября 2022