Жоба
УСПЕН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
ШЕШІМІ
(VII сайланған сессия)
Успен ауылы № ____ 2022 жылғы «___» _________
Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 шілдедегі № 300/61 «Успен ауданы Успен ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Павлодар облысы Успен ауданы Успен ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар және көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданы Успен ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар облысы Успен ауданы Успен ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданы Успен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар және көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген шешім 2-қосымшамен толықтырылсын.
|
Успен аудандық мәслихатының хатшысы |
|
Ж. Бараисов |