Жоба
УСПЕН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
ШЕШІМІ
(VII сайланған сессия)
Успен ауылы № ____ 2022 жылғы «___» _________
Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 шілдедегі № 301/61 «Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген шешім 2-қосымшамен толықтырылсын.
|
Успен аудандық мәслихатының хатшысы |
|
Ж. Бараисов |
Успен аудандық мәслихатының
2022 жылғы «___» ____________
№ ____ шешіміне
1-қосымша
Успен аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 15 шілдесі
№ 301/61 шешімімен
бекітілген
Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Көшелер шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшелерде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Успен аудандық мәслихатының
2022 жылғы «___» ____________
№ ____ шешіміне
2-қосымша
Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
|
№ |
Көше атауы |
Көше тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
|
1 |
Қозыкеткен ауылының тұрғындары үшін: |
|
|
Тойкен қажы, Жалайыр көшелері |
3 |
|
|
Абай, Жамбыл Жабаев көшелері |
1 |
|
|
Торайғыров көшесі |
2 |
|
|
Алтынсарин, Победы көшелері |
1 |
|
|
Иса Байзақов, Аманат көшелері |
1 |
|
|
Атамекен көшесі |
1 |
|
|
2 |
Ковалев ауылының тұрғындары үшін: |
|
|
Мира көшесі |
2 |
|
|
Абай көшесі |
2 |
|
|
Ақпан көшесі |
1 |
|
|
Остапенко көшесі |
1 |
|
|
Тәуелсіздік көшесі |
1 |
|