Успен аудандық мәслихатының «Успен ауданында шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімі

Жоба

 

 

 

 

 

 

 

 

Успен ауданында шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының                    2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы                        5 қарашадағы «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 787 қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
  2. «Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

 

Успен аудандық

мәслихатының хатшысы                                         Ж.Р. Бараисов

Дата публикации
05 октября 2022