Успен аудандық мәслихатының «Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 шілдедегі № 303/61 «Успен ауданы Лозов ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімінің жобасы

Жоба

УСПЕН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ

ШЕШІМІ

 (VII сайланған Х кезектен тыс сессия)

 

 

Успен ауылы                           № ____      2022 жылғы «___» _________

 

Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 шілдедегі № 303/61 «Успен ауданы Лозов ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 шілдедегі № 303/61 «Успен ауданы Лозов ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6879 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Павлодар облысы Успен ауданы Лозов ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы»;

көрсетілген шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданы Лозов ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданы Лозов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімі 2-қосымшасымен толықтырылсын.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        

 

 

Успен аудандық мәслихатының хатшысы

 

 

Ж. Бараисов

Успен аудандық мәслихатының

2022 жылғы «___» ____________

№ ____ шешіміне

1-қосымша

 

Успен аудандық

мәслихатының

2020 жылғы 15 шілдесі

№ 303/61 шешімімен

бекітілген

 

Павлодар облысы Успен ауданы Лозов ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Павлодар облысы Успен ауданы Лозов ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Павлодар облысы Успен ауданы Лозов ауылдық округінің аумағында ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

 

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

 

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
  2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
  3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар Павлодар облысы Успен ауданы Лозов ауылдық округінің әкімі (бұдан әрі - ауылдық округінің әкімі) шақырады және ұйымдастырады.
  4. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округінің әкімі Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданы мәслихатының ресми интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
  5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

  1. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
  2. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
  3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны екі жұмыс күні ішінде Успен ауданы Лозов ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Успен аудандық мәслихатының

2022 жылғы «___» ____________

№ ____ шешіміне

1-қосымша

 

Павлодар облысы Успен ауданы Лозов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

№

Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй атауы

Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Лозов ауылының тұрғындары үшін:

Гагарин, Целинная көшелері

3

Мир, Береговая көшелері

3

Новосельская, Абай көшелері

1

Почтовая, Бірлік көшелері

2

Жастар, Школьная, Жеңіс көшелері

1

Достық, Филев, Отан, Береке, Южный тұйық, Северный тұйық көшелері

2

2

Богатырь ауылының тұрғындары үшін:

Набережная, Советов, Озерная, Мира, Садовая көшелері

2

Бауыржан Момышұлы, Молодежная, Әлия Молдағұлова көшелері

2

3

Қаратай ауылының тұрғындары үшін:

Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Тәуелсіздік, Бірлік көшелері

2

Абай, Азаттық, Татулық, Ыбырай Алтынсарин, Целинная көшелері

3

 

Дата публикации
23 сентября 2022