«Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысының жобасы

Жоба

 

«Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің                       2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.

2. «Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында лауазымды мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республиканың Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі                                                                               Н. Дычко

 

 

Успен ауданы әкімдігінің

2022 жылғы _________

№ _______қаулысымен

бекітілді

 

«Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Бөлім) өз құзыреті шегінде аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет-қала құрылысы және құрылыс саласындағы ұйымдастыру, мониторингілеу, және үйлестіру қызметі мәселелері жөніндегі мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.
  2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
  3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Су кодексіне, Қазақстан Республикасының Экология кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарындағы шоттары бар.
  5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілер қабылдайды.
  8. «Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Бөлімнің заңды мекенжайы: 141000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, Ленин көшесі,70.
  10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.
  11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
  12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

 

  1. Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында қызметін жүзеге асыруда халықтың қолайлы тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды жасау;

2) аудан аумағында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы іс-шаралар мен бағдарламаларды аудандық деңгейде іске асыру.

14. Өкілеттіліктері:

Құқықтар:

1) бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша қызметті әдістемелік басқару мен үйлестіруді жүзеге асыруға;

2) мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың, азаматтардың келісімі бойынша мекеменің алдына қойылған міндеттерге қатысты мәселелер бойынша ақпаратты сұратуға және алуға;

3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өзге атқарушы органдардың мамандарын, олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тартуға;

4) өздігінен немесе өзге атқарушы органдармен бірлесіп бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша ауданның дамуының салалық бағдарламаларын әзірлеуге;

5) бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді жүзеге асыруға;

6) өткізілген мониторингтің негізінде, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті мемлекеттік органдар мен мекемелерге бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша әдістемелік ұсыныстар енгізуге;

7) аудан әкімі мен аудандық әкімдіктің қарауына бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;

8) өз құзыреті шегінде шарттарды, келісімдерді жасауға.

Міндеттері:

1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды және ұсынады;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;

3) өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.

  1. Функциялары:

1) аудан аумағында, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі, елді мекендерді сумен жабдықтау, телефон байланысы, елді мекендерді абаттандыру, энергиямен жабыдқтау, жылумен жабдықтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты үйлестіреді;

2) тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы, құрылыс, абаттандыру саласындағы жергілікті бағдарламаларды әзірлейді және жүзеге асырады;

3) заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген ауданның аумақтарын қала құрылысының кешенді сызбасын (аудандық жоспарлау жобасын немесе оның бөлігін), аудан аумағындағы елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру бойынша қызетті үйлестіреді;

4) құрылыс, аумақтарды инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді постулаттау бойынша жұмыстар кешенін жүргізу бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдардың қарастыруына дайындайды;

5) аудан аумақтарының қала құрылысы дамуының сызбаларының, және де елді мекендердің бас жоспарларының жобаларының әзірлеуін және аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынуын ұйымдастырады;

6) аумақтарды салу, абаттандыру және инженерлік қамтамасыз етудің аумақтық ережелерін аудандық мәлихаттың бекітуіне ұсынады;

7) ауданның мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізеді;

8) салынып жатқан (салынуы жоспарланған) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізеді;

9) тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізеді;

10) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен органдардың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында заңнаманы сақтаудың тәжірибесін талдайды және жинақтайды;

11) аудан аумағында коммуналдық меншік объектілерінің құрылысы бойынша тапсырушы ретінде шығады;

12) құрылысы аяқталған объектілерді (кешендерді) қолдануға қабылдауға ұсынады;

13) құрылысы аяқталған объектілерді (кешендерді) Бөлімнің балансынан коммуналдық меншікке тапсырады;

14) заңды тұлғалар мен азаматтардың өтініштерін қарайды;

15) Бөлімге жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады;

16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес сыртқы жарнаманы орнатуға рұқсат құжаттарын беру жөніндегі мәселелерді шешеді;

17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен оның құзыреті болып табылатын өзге іс-әрекеттерді іске асырады.

18) ведомствоға қарасты заңды тұлғаларды басқару мәселелері бойынша актілерді әзірлейді, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

19) ведомствоға қарасты мемлекеттік кәсіпорындардың бюджеттен қаржыландырылатын қызметтің басымды бағыттары мен жұмыстардың (қызметтердің) міндетті көлемдерін белгілейді;

20) ведомствоға қарасты мекемелердің мәні мен мақсаттарын белгілейді;

21) мемлекеттің қатысуымен ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдардың даму жоспарларының орындалуын қарайды, келісімдейді, бекітеді, бақылауды және талдауды, олардың орындалуы бойынша есепті жасайды;

22) ведомствоға қарасты ұйымдардың қолдануы мен сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

23) ведомствоға қарасты ұйымдардың мүлкін алу немесе қайта бөлуге коммуналдық меншікті басқару бойынша уәкілетті органға келісім береді;

24) жергілікті бюджеттен ведомствоға қарасты мекемелердің қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

25) мемпакет (мемүлесі) үлесі иелікке және қолдануға тапсырылған акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (бақылау кеңесінің) құрамына өз өкілін ұсынады немесе тағайындайды;

26) мәліметтерді, соның ішінде мемлекеттік мүлік тізілімінде мәліметтерді көрсету үшін оның басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың атаулы тізімін дайындайды;

27) Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша материалдарды аудандық әкімдік пен аудан әкіміне дайындайды;

28) Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерге әдістемелік көмекті көрсетеді;

29) автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі, елді мекендерді сумен жабдықтау, телефон байланысы, елді мекендерді абаттандыру, энергиямен жабыдқтау, жылумен жабдықтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

30) Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерін кәсіби қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестациялауды ұйымдастырады;

31) Бөлімнің жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтен өтуімен қатысты мәселелерді шешеді;

32) кадрлық резервті қалыптастыруға қатысады;

33) Бөлімге жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

 

  1. Мемлекеттік органға басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Бөлімнің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес Успен ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасары бар, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады.
  4. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) заңнамаға сәйкес және өз құзыреті шегінде Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;

3) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттерді орындау үшін дербес жауапкершілікке тартылады;

4) Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

5) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынаста Бөлімнің атынан өкілдік етеді;

6) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімнің қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

7) өз құзыреті шегінде Бөлімнің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

8) Бөлімнің жұмыс жоспарын бекітеді;

9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Бөлімнің, егер заңмен бекітілмесе өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізілімі:

1) Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Успен Ауыз-су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Дата публикации
25 марта 2022