Успен ауданы әкімдігінің «Успен ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысының жобасы

Жоба

 

 

 

 

 

«Успен ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-быбы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Успен ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
  2. «Успен ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Ереженің мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;

3) осы қаулыны Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі                                                                          Н. Дычко

Успен ауданы әкімдігінің

2022 жылғы «__» _______

№ _____ қаулысымен

бекітілді

 

«Успен ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Успен ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ) Успен ауданы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық, кадрлық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ ведомстволары жоқ.
  3. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «жұмылдыру дайындығы туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңымен, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Кұқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды
  6. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успенка ауылы, Қазыбек би көшесі, 71.
  10. Осы Ереже «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
  12. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ кәсіпкерлік субъектілерімен «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2-тарау. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ міндеттері мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі саясатын іске асыру;

2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, ауданда мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқару;

3) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық–саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;

4) ауданның аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешуде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың, қазақстандық патриотизмнің конституциялық қағидаттарын іске асыруға жәрдемдесу болып табылады;

5) ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру және басқару жолымен аудан аумағында мемлекеттік саясатты жүргізу;

6) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, облыс және аудан әкімінің қаулылары, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету болып табылады.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

Успен ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;

заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

өз өкілеттіктері шегінде шарттар, келісімдер жасасуға;

аудан әкімінің және әкімдігінің мүдделерін білдіру;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2) міндеттері:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындау;

халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізу;

нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;

мекеме жұмыскерлерінің кепілді еңбек жағдайларын және әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз етуге міндетті;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

3) функциялары:

аудан бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, ауданның ауылдық округ әкімдерінің, аудан әкімі мен әкімдігіне есеп беретін лауазымды адамдардың жұмысын талдау, аудан әкімі мен әкімдік мүшелеріне олар сұратқан мәселелер бойынша ақпарат дайындау;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының, аудан әкімі аппараты басшысының бұйрықтарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, ауданның атқарушы органдарында және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда, ауылдық округ әкімдерінде атқарушы тәртіп жағдайына талдау жүргізу, талдау нәтижелері туралы аудан әкімі мен әкімдігіне хабарлайды;

аудан әкімдігінің отырыстарын, кеңестерді, семинарларды және басқа да іс-шараларды өткізуді жоспарлау, ұйымдастыру және дайындау, әкімдік мүшелерінің және ауданның атқарушы органдары басшыларының ұсынысы бойынша аудан әкімдігінің отырыстарында қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін жасау;

аудан әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру, аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру;

аудан әкімі және әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

құпия іс қағаздарын жүргізу;

аудан әкімі және әкімдігінің актілерінің заңнамаға сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу;

аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімі аппараты басшысының бұйрықтарының жобаларын дайындауды ұйымдастыру және бақылау;

әкімдік әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңды сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдары әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысу;

жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның жергілікті атқарушы органдарының, ауданның ауылдық округтері әкімдерінің, аудан әкіміне есеп беретін лауазымды тұлғалардың өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;

әкім мен әкімдіктің орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

аудан әкімі мен әкімдігінің қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін актілерін, ауданның ауылдық округтері әкімдерінің актілерін өзгерту, толықтыру, тоқтата тұру, тоқтату, күші жойылды деп тану және күшін жою туралы аудан әкімі мен әкімдігіне ұсыныстар енгізу; ;

аудан әкімінің, аудан әкімдігінің тапсырмасы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдарына тексеру жүргізу, қажет болған жағдайда тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемелерін тыңдайды және жазбаша түсініктемелерін талап етеді;

белгіленген тәртіппен аудан әкімінің, аудан әкімдігінің және аудан әкімі аппаратының мүдделерін, сондай-ақ аудан әкімінің тапсырмасы бойынша ауданның атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың мүдделерін сотта және басқа да органдар мен ұйымдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде білдіру;

жергілікті атқарушы органдарды ақпараттандыру деңгейін арттыру және «электрондық әкімдік» инфрақұрылымын дамыту;

жергілікті атқарушы органдардың электрондық мемлекеттік қызметтерін дамыту;

аудан әкімдігінің интернет-ресурсын дамытуды және қолдауды қамтамасыз ету;

кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) жүргізу;

мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту рәсімдерінің сақталуын, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) қамтамасыз ету;

жергілікті атқарушы органдардың, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің кадр құрамын қалыптастыру;

кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру;

аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

аудан әкімі және әкімдігі шығарған актілерді тіркеуді жүргізу;

аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін, басқа да қажетті құжаттарды барлық мүдделі органдар мен ұйымдарға тиісті ресімдеуді және таратуды қамтамасыз ету;

құжаттамалық қамтамасыз етуді, оның ішінде электрондық құжат айналымын ұйымдастыру, ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту, іс жүргізу қағидаларының сақталуын бақылау және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы жүзеге асыру;

заңнамада көзделген құзыреті шегінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі, азаматтық қорғаныс жөніндегі, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі, терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, терроризмге қарсы комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның қызметін қамтамасыз ету;

білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарының және басқа да ұйымдардың комиссия шешімдерін орындауы бойынша бақылауды жүзеге асыру;

білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға кандидатураларды іріктеу және ұсыну, марапаттау мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау және марапаттау заңнамасын жүзеге асыруға жәрдемдесу;

аудан әкімі аппаратының қызметін қаржылық, шаруашылық жағынан қамтамасыз ету;

заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыру және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік дерекқорға енгізу;

туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;

барлық деңгейдегі сайлауды әзірлеу мен өткізуге байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті өкілді органдар депутаттарының сайлауын, референдумдарды, ауылдық округтер әкімдерінің өткізілуін ақпараттық – талдамалық сүйемелдеуді бақылау;

аудан әкімі мен әкімдігінің әділет, прокуратура органдарымен, жергілікті полиция қызметімен және сот жүйесі органдарымен аудандағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету.

 

3-тарау. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

 

  1. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
  4. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) аудан әкімі аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асыру және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

2) аудан әкімінің, аудан әкімдігінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, хаттамалық, құжаттамалық, әкімшілік-қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өзге де қызметін қамтамасыз ету;

3) аппараттың аудандық мәслихатпен, дербес бөлімдермен, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарымен және аудан аумағындағы басқа да органдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

4) дербес бөлімдердің, ауылдық округ әкімдерінің аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін әзірлеу, олардың орындалуын ұйымдастыру бөлігіндегі қызметін үйлестіру;

5) мемлекеттік және атқарушылық тәртіпті сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Үйлестіру;

6) аудан әкімдігі мен әкімінің норма шығармашылық қызметін әзірлеуді үйлестіру;

7) аудан әкімдігі және әкімі қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіркелуін және жариялануын қамтамасыз ету;

8) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша ауылдық округ әкімдерінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

9) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру;

10) аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау рәсімін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

11) азаматтардың хаттары мен басқа да өтініштерін қарауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі құжаттарды ресімдеу мерзімдері мен сапасының сақталуын бақылау;

12) аудан әкімінің қатысуымен өтетін кеңестерде материалдарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) Мемлекет Басшысының актілері мен тапсырмаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі отырыстары хаттамалық шешімдерінің, облыс және аудан әкімдігі актілерінің, облыс және аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және аудан әкімін олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар ету;

14) тиісті кезеңге арналған бағдарламалар мен іс-қимыл жоспары бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы аудан әкімін хабардар ету;

15) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын іске асыру мәселелері;

16) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті өкілді органдар депутаттарының сайлауын, референдумдарды, ауылдық округтер әкімдерінің өткізілуін ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді бақылау;

17) сайлау өткізу мәселелері бойынша сайлау комиссияларымен өзара іс-қимыл жасау;

18) Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру;

19) аудан әкімінің кадр саясатын жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

20) аудан әкімі аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;

21) еңбек тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

22) аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешу;

23) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

24) Аудан әкімінің қарауына аппараттың жауапты қызметкерлерін тағайындау және босату туралы ұсыныстар енгізу, жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын еңбек қатынастары мәселелерін қоспағанда, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу мәселелерін шешу;

25) аудан әкімінің бекітуіне аппарат туралы ережені ұсынады, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, аудан әкімі аппаратының ішкі тәртіп ережелерін бекітеді, өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;

26) аудан әкімі аппаратының құрылымы мен штат саны бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізу;

27) қоғамдық бақылаудың интерактивті картасын (портал) толықтыруды ұйымдастыру және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құзыретіне кіретін бюджет қаражатының жұмсалуы туралы ақпаратты өзектілендіру;

28) аудан әкімі аппаратында өткізілетін әкімдік отырыстарын, аппараттық, планерлік кеңестерді және басқа да іс-шараларды дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;

29) аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларына бұрыштама қою, оларды әзірлеу кезінде аудандық билік органдары арасында туындаған келіспеушіліктерді жою үшін кеңестер ұйымдастыру;

30) еңбек өтілін белгілеу бойынша аудан әкімі аппаратының аттестациялық, тәртіптік, конкурстық, тұрғын үй комиссияларына қатысу;

31) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдерінің, ауданның атқарушы органдарының консультативтік-әдістемелік, практикалық көмек көрсетуі;

32) республикалық, сол сияқты облыстық және аудандық деңгейлерде өткізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бақылауды жүзеге асырады;

33) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

«Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы немесе лауазымды тұлға басқарады.

  1. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  2. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ мен тиісті саланың уәкілетті органы (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  3. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

 

4-тарау. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ мүлкі

 

  1. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

«Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органы «Успен ауданының қаржы бөлімі» ММ болып табылады.

 

5-тарау. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

«Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ қарамағындағы ұйымдары жоқ.

Успен ауданы әкімдігінің «Успен ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысының жобасына түсіндірме жазба

 

№

Түсіндірме жазбада сипатталып көрсетілуге тиісті мәліметтер тізімі

Әзірлеуші - мемлекеттік органның  ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші -  мемлекеттік орган

«Успен ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

2

Жобаны қабылдаудың қажеттілік  негізі

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-быбы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес

3

 Жобаны қабылдаған  жағдайда болжанған  әлеуметтік - экономика-лық  және (немесе) құқықтық салдары

Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру

4

 Жобаны іске асыруға  байланысты болжанған  қаржылық шығындар

жок

5

Жобаны қабылдаудан  болжанған тиімділік  және күтілген нәтиже мерзімі, нақты мақсат-тары

Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру

6

 Бұрын жобада  қаралған және оны іске асыру  нәтижелері мәселелер бойынша нормативтік  құқықтық актілер туралы мәлімет

жок

7

Жобаны кейін заңнамаға  сәйкестендіру қажеттілі-гі, жобаға сәйкестендіру  үшін бұрын қабылдан-ған нормативтік - құқықтық актілердің  күшін жойылды деп  тану немесе өзгеріс  енгізу туралы ұсыныс жасау

Иә

8

 Облыс әкімінің (оның  орынбасарларының) тапсырмасы бойынша өткізілген жағдайдағы қосымша сараптама  нәтижелері (құқықтық,  экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да)

жок

9

Басқа да мәліметтер

жок

 

 

         Успен ауданының әкімі

         аппаратының басшысы                                             В. Курсакова

 

 

«____» ____________ 2022 ж.

             (күні)      

 

 

Мөр – печать    

Орын: И. Смердова, 91031

 

Дата публикации
18 марта 2022