Жоба
«Успен ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. «Успен ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында лауазымды мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республиканың Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Аудан әкімі Н. Дычко
Успен ауданы әкімдігінің
_____ жылғы «__» _______
№________ қаулысымен
бекітілді
«Успен ауданының қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1 - тарау. Жалпы ережелер
Егер «Успен ауданының қаржы бөлімі» ММ заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жiберiледi.
2 -тарау. «Успен ауданының қаржы бөлімі» ММ
мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіліктері
1) Успен ауданының аумағында бюджетті орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
2) аудандық коммуналдық меншікті басқару;
3) жергілікті бюджетті орындау бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу болып табылады;
4) аудан бюджетінің атқарылуының мониторингісін жүргізу, оның атқарылуы туралы есептілікті дайындау;
5) Успен ауданында бюджетті атқару бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
6) Успен ауданының коммуналдық мемлекеттік меншігі жөнінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
7) Аудан аумағында мемлекеттік сатып алулар үдерісінің мониторингісін жүзеге асыру.
1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте «Успен ауданының қаржы бөлімі» ММ алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
2) «Успен ауданының қаржы бөлімі» ММ мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта өкілдік ету;
3) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
4) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту.
1) аудан бюджетінің орындау мониторингі, орындалуы туралы есепті дайындау;
2) Успен ауданында бюджетті орындау бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
3) Успен ауданының коммуналдық мемлекеттік меншігі қатынасындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
4) Успен ауданы аумағында мемлекеттік сатып алу үдерісінің мониторингісін жүзеге асыру.
1) Аудандық бюджеттің орындалуын талдау, аудандық бюджет жобасының негізгі көрсеткіштерін анықтайды;
2) бюджетті орындау саласында әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
3) жергілікті бюджеттің міндеттері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, төлемдер бойынша қаржыландыру мен түсімдердің жиынтық жоспарының жасалуын бекіту және оның жүргізуін құру;
4) жылдық сомаларды қоса алғанда, міндеттер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, төлемдер бойынша қаржыландыру мен түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5) бюджеттік мониторинг жүргізеді, бюджеттік мониторинг нәтижесі бойынша аудан бюджетінің орындалуы туралы аналитикалық есепті қалыптастырады;
6) мемлекеттік органдардың бюджеттік қаражатын басқарудың тиімділігінің бағалауын жүзеге асырады;
7) жергілікті бюджетті орындау туралы есеп жасайды;
8) тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) іске асырудан ақшалай қаражаттың шығындары мен түсімдердің жоспарын орындау, аудан бюджеті бойынша қайырымдылық пен демеушілік көмектен түскен ақшалай қаражаттын шығындары мен түсімдері туралы есептерді жасайды;
9) аудан бюджетінің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерді жасайды;
10) жергілікті атқарушы органы резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің жобаларына қорытынды жасайды;
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражат есебінен жергілікті атқарушы органның қарызын өтейді және қызмет көрсетеді;
12) жергілікті атқарушы органның қаражатын пайдалануы бойынша есеп пен талдау жүргізеді;
13) мемлекеттің қатысуымен коммуналдық заңды тұлға мен заңды тұлғаның реестрін жүргізуді қамтамасыз етеді;
14) коммуналдық мүлік реестрін түзетеді және толықтыруды қамтамасыз етеді;
15) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
16) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субьектілерінің меншігіне кейінен сатып алу құқығымен немесе кейінен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жолдауға), сенімгерлік басқаруға береді;
17) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
18) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жолдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
19) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процессін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру обьектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру обьектілерінің сатып алу - сату шарттарын әзірлеу мен жасалуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3 - тарау. «Успен ауданының қаржы бөлімі»
ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) Аудан әкімдігінің бекітуіне «Успен ауданының қаржы бөлімі» ММ туралы Ережесі және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуін ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Успен ауданының қаржы бөлімі» ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Успен ауданының қаржы бөлімі» ММ қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
4) «Успен ауданының қаржы бөлімі» ММ қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) барлық мемлекеттік органдарда, соттарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Успен ауданының қаржы бөлімі» ММ мүддесін қорғайды;
6) «Успен ауданының қаржы бөлімі» ММ құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, өзге де мекемелерде бөлім мүдделерін білдіру құқығына сенімхаттарды береді;
7) өз құзіретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
«Успен ауданының қаржы бөлімі» ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4 - тарау. «Успен ауданының қаржы бөлімі»
ММ мүлкi
«Успен ауданының қаржы бөлімі» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырлады.
5 - тарау. «Успен ауданыныңқаржы бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату