«Успен ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы»»№590 қаулысына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасыныңнормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Аудан әкімі Н. Дычко
Успен ауданы әкімдігінің
2022 жылғы ______ ___________
№ _____
қаулысымен бекітілген
«Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
аудан аумағында кедейшілікті төмендету бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
халықтың әлеуметтік осал санаттарын әлеуметтік қорғау.
Құқығы:
1) ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, аудан аумағында орналасқан мекемелерден, кәсіпорындар мен ұйымдардан, ауылдық округ әкімдері аппараттарынан белгіленген тәртіпте жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпарат алуға;
2) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға құқылы;
3) аудан әкімдігіне әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;
4) істерді зерделеу және әдістемелік көмек көрсету үшін басқа бөлімдердің мамандарын тарту;
5) Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер бөлігінде жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) сот органдарында «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру.
Міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және ұсыну;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге міндетті;
3) өз қызметін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асыруға құқылы;
4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау туралы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) жұмыс күшінің бір бөлігіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарды және облыстың атқарушы органдарын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органды хабардар етеді;
2) мемлекеттік үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;
3) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, Қазақстан Республикасының«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының17-бабына сәйкес халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;
4) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
5) Жергілікті атқарушы органдардың білім беру мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім беру ұйымдарынан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан нақты кәсіптер бойынша даярланған және даярлау мен бітіруге жоспарланып отырған мамандардың санын сұратады;
6) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізеді;
7) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;
8) жұмыстан босату және жұмысшыларды қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;
9) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу;
10) мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
11) мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;
12) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
13) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;
14) мүгедектерге кресло-арбалар беру;
15) мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
16)медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;
17) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу;
18) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
19) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
20) ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;
21) өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;
22) жаңа жұмыс орындарын құру мониторингі;
23) ашық және тіркелген еңбек нарығының мониторингі;
24) жалақының уақтылы төленуінің мониторингі;
25) әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік мәселелері, барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардан ұжымдық шарттарды тіркеу және есепке алу;
26) Успен ауданының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы іс-шаралар жоспарын және аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларын, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін әзірлеу, болжау, түзету және келісу;
27) бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу (өзгерістер мен толықтырулардың жобалары);
28) Успен ауданының жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын және жұмыспен қамту картасын әзірлеу және түзету;
29) Успен ауданы әкімдігінің қаулы жобаларын және жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша аудандық мәслихат сессиясының шешімдерін дайындау;
30) паспортталған әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің мониторингі;
31) мүгедектерді кәсіптік бөлігі бойынша оңалтудың жеке бағдарламасын орындау;
32) мүгедектердің, аз қамтылған отбасылардың және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарындағы басқа да адамдардың мониторингі;
33) аз қамтылған отбасыларға шартты ақшалай көмек беру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
35) 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың жұмыс өтілін белгілеу үшін комиссияға құжаттар дайындау;
36) әрекетке қабілетсіз азаматтарға қорғаншылық пен қамқоршылық беру;
37) халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіреді;
38) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;
39) халықты жұмыспен қамту орталығына әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асырады;
40) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
1) заңнамаға сәйкес және өз құзыреті шегінде «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
2) «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»ммемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
3) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
5) Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;
6) «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
«Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату