Успен ауданы әкімдігінің ««Успен ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қағидасын бекіту туралы» қаулысының жобасы.

ЖОБА

Успен ауданы әкімдігінің қаулы

 

 

Успен селосы                         №_____                                  2022 жылғы

 

Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің    40-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 124-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
  2. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданының әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Успен ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі                                                        Н. Дычко

 

Бекітілді

Успен ауданының әкімдігінің

2022 жылғы «___» ___________

№_____ қаулысымен

 

 

Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

1 Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 14-1 бабының 3 тармағымен айқындалған құзыретке сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 14 қаңтардағы № 4/1 қаулысына сәйкес құрылған.

  1. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  2. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 141000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, 10 лет Независимости көшесі, 30.
  9. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
  10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел земельных отношений» Успенка района.

  1. Успен ауданының әкімдігі тұлғасында мемлекет Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
  2. Осы Ереже Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  4. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, мемлекеттік мекеменің құқықтары мен міндеттері

 

  1. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданның атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
  2. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты жер заңнамасы саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету, жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған қаржы, салық және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
  3. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.

9.Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жер қатынастарын жүзеге асыру кезінде халықтың қолайлы тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын, сондай-ақ ережелерін сақтауды қамтамасыз ету.

  1. Функциялар:

1) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

4) пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін қауымдық Сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

7) Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын, аудан жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

9) елді мекендер аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

10)жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

12) ауданның жер балансын жасау;

13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

16) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71 бабына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

17) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын қайта ресімдеу;

18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

19) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;

20) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

22) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау;

23) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін есепке алуды жүргізу;

24) жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету;

25) жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп пен есептілікті жүргізу;

26) бөлімнің әскери міндеттілерінің әскери есебін жүргізу;

27) белгіленген тәртіппен құжат айналымы, құжаттарды сақтау және мұрағатқа тапсыру жүйесін ұйымдастыру және сақтау;

28) Успен ауданының "жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

29) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу жатады;

30) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын халық үшін қолжетімді орындардағы арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру;

31) ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу, ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;

32) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және ауданның жергілікті өкілді органына оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;

33) өз құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнама нормаларына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Құқық:

1) Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан, жер учаскелерінің меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен өтеусіз негізде сұратуға және алуға;

2) аудан әкімдігі мен әкімінің қарауына және жоғары тұрған ұйымдарға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастыру қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

3) аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға қатысу;

4) жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

5) шарттар жасасу;

6) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Міндеттері:

1) жер қатынастары мәселелері бойынша ауданның мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларына және басқа да ұйымдарға қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық-талдау және басқа да көмектер көрсету;

2) Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау жұмыстарын жүзеге асыру және оны материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыру, ауданның мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және функционалдық міндеттеріне қайшы келмейтін жер қатынастары мәселелері бойынша өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Успен ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Успен ауданының әкімдігіне мемлекеттік мекеме туралы ережені бекітуге ұсынады;

2) заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар етеді;

3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;

4) Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды; ;

5) Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;

7) Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

8) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;;

9) заңдарда белгіленген реттер мен шектерде мүлікке билік етеді;

10) заңнамада белгіленген тәртіппен келісімдер және өзге де заңды мәмілелер жасасады;

11) сенімхаттар береді;

12) Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;

13) Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

14) Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;

15) Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

16) Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарын бекітеді;

17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  2. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  3. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес анықталады.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

 

  1. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.
Дата публикации
16 марта 2022