2021 жылғы «Успен ауданының Қоңырөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебі

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
2-қосымша

 

2021 жылғы «Успен ауданының Қоңырөзек ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебі

 

  1. Жалпы ережелер

 

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

2021 жылы Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілген жоқ.

2020 жылғы 31 қаңтардағы енгізілген өзгерістерімен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ бұйрығы бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкесУспен ауданының  «Қоңырөзек ауылдық округі  әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік-құқықтық бөлімімен 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетіледі.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

КММ  барлығы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрлері көрсетіледі:

  1. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу

2.Салу үшін жер учаскесін беру елді мекен шегінде объект

3.Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату

4.Жер учаскесін алуға  кезекке қою.

5.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

2021 жылғы КММ барлығы 25 мемлкеттік көрсетілетін қызметтер көрсетілді, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде 9 қызмет көрсетілді.

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 5,

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет электронды -3, (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 2,

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны:

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 сәуірде № 10764 тіркелді.

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Барынша талап ететін «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады – 24.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

КММ ғимаратында  көрсеттілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет беру тәртібі туралы көрнекті ақпарат орналасқан.

Мемлекеттік органдардың нтернет-ресурстардың бірыңғай платформасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ережелері, көрсетілетін қызметті берушінің байланыс деректері туралы ақпаратының орналасуын қамтамасыз етілді.

2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Орталық мемлекеттік органдарынан стандарттар жобаларының түсуіне қарай, Мемлекеттік органдардың нтернет-ресурстардың бірыңғай платформасында жария талқылау үшін орналастыруын қамтамасыз етіледі.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Успен ауданының Қоңырөзек ауылдық округінде Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге тікелей эфир өткізілді..

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыруды және автоматтандыруды өткізілмеді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Өткізілмеді.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Өткізілмеді.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2021 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылар жағынан шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

2021 жылы Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілген жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2021 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды өткізілмеді.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

2021 жылда   қоғамдық мониторинг жүргізілмеді.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 23-бабының 6-тармағын орындау үшін 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ҚММ қызметі туралы есепті жария талқылауды өткізу жоспарланған.

Дата публикации
01 февраля 2022