Жоба
Успен ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу Ережелерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 45, 56-1, 65 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы «Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы» № 139 бұйрығына, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрінің міндеттерін атқарушысының 2015 жылғы 21 қаңтардағы «Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы» № 34 бұйрығына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімі Н. Дычко
Успен ауданы әкімдігінің
2021 жылғы «__»__________
№____ қаулысына
қосымша
Успен ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу Ережелері
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Успен ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 45, 56-1, 65 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы «Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы» № 139 бұйрығына, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрінің міндеттерін атқарушысының 2015 жылғы 21 қаңтардағы «Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы» № 34 бұйрығымен (бұдан әрі – болжамдау әдістемесі) әзірленген және Успен ауданының ауылдық округтері (бұдан әрі -ауылдық округтері) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін айқындайды.
2-тарау. Успен ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері айқындау
3-тарау. Успен ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемдерін айқындау
Бұл ретте тұрақты сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік міндеттемелерін орындау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мақсатқа жетуге, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі мыналардан тұрады:
еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерді төлеу, азық-түлік пен дәрілік заттар сатып алуға жұмсалатын шығындар, жәрдемақылар төлеу және басқа да шығындар (бұдан әрі – ағымдағы шығындар);
материалдық - техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындар және басқа да шығындар (бұдан әрі – күрделі сипаттағы шығындар).
1 параграф. Успен ауданының ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемдерін есептеу
1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджеттік параметрлеріне сәйкес (жалақыны қоспағанда) жоспарланған кезеңдегі тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың ұлғайғанын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;
2) ауылдық округтердің бюджеттері шығыстарының ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтін және Успен ауданы бюджеттік комиссиясының міндетті түрде қарастырылғаннан кейін жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының және жергілікті маңызы бар өзге де нормативтік құқықтық актілердің ережелері;
3) бюджеттік комиссиясының шешімімен Успен ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері бойынша абсолюттік сомалармен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен бұрын қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығыстар.
2 параграф. Успен ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығыстарының болжамды көлемін есептеу
3 параграф. Успен ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары боынша шығындарының болжамды көлемін есептеу
4-тарау. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемдерін айқындау
Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі Бюджет кодексіне сәйкес тиісті ауылдық бюджетінің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемі арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады және төмендегідей формулаға сәйкес есептеледі:
ЖСТі=КБКі-ШБКі,
мұнда:
ЖСТі – і-ауылдық округтің жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі;
КБКі – і-ауылдық округ кірістерінің болжамды көлемі;
ШБКі – і-ауылдық округ шығындарының болжамды көлемі.
Ауылдық округтердің бюджеттері кірістерінің болжамды көлемі шығындардың болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі > 0) ауылдық округтердің бюджеттерінен аудан бюджетіне алып қоюлар белгіленеді.
Ауылдық окрутердің бюджеттері шығыстарының болжамды көлемі кірістердің болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі<0) жоғары тұрған бюджеттен бюджетінен ауылдық округтердің бюджетіне бюджеттік субвенциялар белгіленеді.