2021 жылы 25 шілдеде өткен Успен ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындысын анықтау және жариялау туралы

2021 жылы 25 шілдеде өткен Успен ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындысын анықтау және жариялау туралы

 

2021 жылғы 25 шілдеде Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда 2021 жылғы 25 шілдеде өткен Успен ауданының Лозов, Равнополь және Қоңырөзек ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындысы анықталды.

Сайлау комиссиясының төрағасы М.А. Джилкибаева «2021 жылғы 25 шілдеде өткен Успен ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын анықтау және оның нәтижелерін жариялау туралы» баяндама жасады.

Төраға Лозов ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша дауыстарды санау қорытындысы туралы хаттамалар негізінде баяндады:

Дауыс беруге 936 сайлаушы қатысты.

Бюллетеньдердің жалпы санынан 39 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Баймулдинов Болат Кабылдинович Лозов ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Равнополь ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша дауыстарды санау қорытындысы туралы хаттамалар негізінде:

Дауыс беруге 1171 сайлаушы қатысты.

Бюллетеньдердің жалпы санынан 63 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Скаков Мухтар Егимбаевич Равнополь ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Қоңырөзек ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша дауыстарды санау қорытындысы туралы хаттамалар негізінде:

Дауыс беруге 877 сайлаушы қатысты.

Бюллетеньдердің жалпы санынан 25 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Кумуков Руслан Зекерьевич Қоңырөзек ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Барлық басқа сайлау рәсімдері сияқты, дауыс беру де сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес өтті, сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етілді.

Дауыс беру рәсімі және сайлау нәтижелерін шығаруды 58 бақылаушылар бақылады.

Сайлау аймақтардағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды сақтай отырып өтті.

  

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 июля 2021