ЖОБА
Успен аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Успен селосы №_____ 20__ жылғы
Успен ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Лауазымы Аты-жөні
Успен аудандық мәслихатының
2021 жылғы «____» __________
№ _____шешіміне
қосымша
Успен ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
1) осы Жоспардың 1-қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Успен ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы);
2) осы Жоспардың 2-қосымшасына сәйкес Успен ауданы аумағында жайылым айналымдарының қолайлы схемалары;
3) осы Жоспардың 3-қосымшасына сәйкес Успен ауданы жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы;
4) осы Жоспардың 4-қосымшасына сәйкес Успен ауданы аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы;
5) осы Жоспардың 5-қосымшасына сәйкес Успен ауданы аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы;
6) осы Жоспардың 6-қосымшасына сәйкес Успен ауданы аумағында ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;
7) осы Жоспардың 7-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі.
20 тұқымдастыққа және 70 түрге жататын кең таралған гүлді өсімдіктердің шамамен 90 түрі бар. Кеңінен үш тұқымдастық: дәнді, күрделігүлділер, алаботалар, сондай-ақ бетеге, көде, жіңішке дұғаш, әр түрлі жусанның түрлері таралған.
Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі 3,5 центнерді құрайды.
Жайылымдардағы жемдердің қоры ұзақтығы 180-200 күн жайылым кезеңінде пайдаланылады.
Ауданның климаты күрт континенталдық, қыс айтарлықтай суық, жаз ыстық. Қаңтарда ауаның жарты жылдық температурасы Цельсий бойынша минус 18 градустан минус 19 градусқа дейін, шілденің орташа температурасы Цельсий бойынша плюс 20 градустан плюс 21 градусқа дейін. Жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері 250 миллиметрді құрайды. Оңтүстік-батыс және солтүстік желдер басым, шығыс аңызақ жел жиі соғып тұрады.
Санаттары бойынша жерлер келесідей бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 364308,38 гектар;
елді мекендердің жерлері – 78448,39 гектар;
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 2026,88 гектар;
су қорының жерлері – 22924 гектар;
орман қорының жерлері – 1148 гектар;
қордағы жерлері – 91116,72 гектар.
Успен ауданында жер балансының мәліметтері бойынша барлығы 364308,38 гектар жалпы көлемде 286 ауылшаруашылық құрылымдар есептеледі, соның ішінде жайылымдар 94699,19 гектар, оның ішінде:
- 225176,89 гектар көлемде 194 шаруа және фермер қожалығы, оның ішінде жайылымдар 34177,5 гектар;
- 102922,8 гектар көлемде 19 шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және ауылшаруашылық кооператив, оның ішінде жайылымдар 29328,4 гектар;
- 34762,69 гектар көлемде 72 жеке кәсіпкер, оның ішінде жайылымдар 31023,29 гектар;
- 1446 гектар көлемде 1 мемлекеттік ауыл шаруашылық заңды тұлғалар, оның ішінде жайылымдар 170 гектар.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарының жалпы санынан жайылымдар 94699,19 гектар көлемде 274 телім жер пайдалануда орналасқан.
Успен ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі Жоспарға
1-қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Успен ауданының аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Успен ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі Жоспарға
2-қосымша
Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары
Успен ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі Жоспарға
3-қосымша
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
Успен ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі Жоспарға
4-қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы
Успен ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі Жоспарға
5-қосымша
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Успен ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі Жоспарға
6-қосымша
Ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
Успен ауданы бойынша
2021-2022 жылдарғаарналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі Жоспарға
7-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
|
№ р/с |
Атауы |
Шалғайдағы жайылымға малдардың айдап шығарылу мерзімі |
Шалғайдағы жайылымнан малдардың қайтарылу мерзімі |
|
1 |
Лозов ауылдық округі |
сәуір, 2 жартысы |
қазан, 2 онкүндігі |
|
2 |
Қозыкеткен ауылдық округі |
сәуір, 2 жартысы |
қазан, 2 онкүндігі |
|
3 |
Успен ауылдық округі |
сәуір, 2 жартысы |
қазан, 2 онкүндігі |
|
4 |
Ольгин ауылдық округі |
сәуір, 2 жартысы |
қазан, 2 онкүндігі |
|
5 |
Қоңырөзек ауылдық округі |
сәуір, 2 жартысы |
қазан, 2 онкүндігі |
|
6 |
Новопокров ауылдық округі |
сәуір, 2 жартысы |
қазан, 2 онкүндігі |
|
7 |
Равнополь ауылдық округі |
сәуір, 2 жартысы |
қазан, 2 онкүндігі |