Жоба
Успен ауданы әкімдігінің
ҚАУЛЫСЫ
Успен ауылы №___ 2021 жылғы «__»______
Успен ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы «Успен ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 11/1 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңынын 27-бабына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы «Успен ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 11/1 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7197 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.О. Жүніспаеваға жүктелсін.3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Дычко