«Успен ауданы әкімінің аппараты»
ММ басшысының
2021 жылғы «___»__________
№ _____ бұйрығына
қосымша
Успен ауданы жергілікті атқарушы органдарының құрамына кіретін барлық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлерінің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
- Жалпы ережелер
- Осы Успен ауданы жергілікті атқарушы органдарының құрамына кіретін барлық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлерінің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі - сСыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбестік ахуалын қалыптастыру мақсатында әзірленді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықыт арттыру және Успен ауданы жергілікті атқарушы органдарының құрамына кіретін барлық атқарушы органдарының, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметінедегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:
1) функционладық міндеттерін орындау кезінде орнықты сыбайлас жемқорлыққ қаарсы ахуалды және жауапкершілікті қалыптастыру;
2) сыбайлас-жемқорлықты танытуды уақтылы анықтау және олардың керіс әсерлерін болдырмау;
3) Успен ауданы жергілікті атқарушы органдарының құрамына кіретін барлық атқарушы органдарының, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметінің тиімділігін арттыру.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Успен ауданы жергілікті атқарушы органдарының құрамына кіретін барлық атқарушы органдарының, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметінде функцияларды жүзеге асыру және жеке және заңды тұлғалардың құқытары мен заңды мүдеделерін іске асыру кезінде қолданылады.
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Успен ауданы жергілікті атқарушы органдарының құрамына кіретін барлық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті.
3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындауда дербес жауапкершілікті әділет органдарының әрбір қызметкері көтереді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың әзірлеушісімен «Успен ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды персоналмен басқару қызметі болып табылады.
- Қоғамдық қатынастар саласында қызмет атқаратын тұлғалардың мінез-құлықтарының (іс әрекеттерінің) ережелері
- Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде осы салада:
1) өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыру кезінде ешқандай материалдық игіліктерді, қызметті және өздерінің міндеттерін орындаумен байланысты өзге де артықшылықтарды пайдаланбау;
2) мүдделер жанжалына жол бермеу, олар туындағанкезде заңнамаға сәйкес оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;
3) мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру кезінде қызмет бабын өзі үшін немесе үшінші тұлғалар үшін пайда табу мақсатында пайдаланбау;
4) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және өзге тұлғалардың қызметіне жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау.
5) Қазақстан Республикасының заңдарымен тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік қарастырылған теріс қылықтар мен басқа құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу.
6) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен басымдылықтарды алу мақсатында жариялануға жатпайтын қызметтік және басқа ақпаратты пайдаланбау;
7) өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде іскерлік этикетті және ресми-мінез-құлық ережесін сақтауы тиіс.
- Өзінің құзыретінің шегінде басқарушылық немесе басқа шешімдер дайындау мен қабылдауда
- Тікелей басшысына туындаған мүдделердің жанжалы туралы, қызметтік міндеттерін орныдауда жеке мүдделілік туралы, сыбайлас жемқорлық імс қимылға және сыйлық алуға көндіру туралы хабарлау.
- Қызметтік міндеттерін орындағанда жеке және пайдақорлық мүдедделерді басшылыққа алмау.
- Әділ қызметтік шешім қабылдауына әсер ете алатын қарым-қатынастырдың бекітілген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестерге және басшылыққа жүгінуден тартыну.
- Басқа тұлғаларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасауға түркілемеу және ол үшін көтермелемеу.
- Лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланып мүліктік пайда, игіліктерді немесе басымдылық алу үшін әріптестеріне, басшыларына және басқа лауазымдық тұлғаларға сыйлықтар бермеу және жұмыстан тыс қызметтер көрсетпеу.
- Лауазымдық өкілеттіктерін орныдаумен байланысты сыйлықтарды қабыл алмау.
- Мүліктік жіне мүліктік емес игіліктер мен басымдылықтарды алу мақсатында жариялануға жатпайтын қызметтік және басқа ақпаратты пайдаланбау.
- Қызметтен бас тарту, егер ол жақын туыстық қатынастрада тұрған тұлғаларға (ата-анасы, ерлі-зайыптылар, аға-інілері, балалары) тікелей бағыныштығымен немесе басқарылуымен байланысты болса).
- Сыбайлас жемқорлыққа күресте, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенделік көрсету.
- Басшылыққа сыбайлас жемқорлықтың белгілі болған деректері туралы, сонымен қатар материалдарды жылдамдатып немесе созып қарастыру үшін пайда алуға түрткілеу туралы дереу хабарлау.
- Орындауға алған өкімнің заңдылығы бойынша күмән туса, тікелей басшыға жазбаша түрде хабардар ету.
- Жоғары тұрған басшылыққа жүгіну, егер тікелей басшының өзі мүдделер жанжалына тартылған болса.
- Құқықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттердің мәдениетін сақтау және әріптестерден оны талап ету.
- Үнемі негізде мүдделер жанжалының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және олардың салдарының пайда болу мүмкін себептерін және жағдайларын жою бойнша шаралар қолдану.
- Кәсіпкерлік немесе пайда табумен байланысты басқа қызметті жүзеге асыпуда қолдау көрстеуден тартыну.
- Үшінші тұлғалардың мүдделеріне өкілдәк етуден немесе олардың атынан әрекет жасаудан тартыну.
- Халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету кезінде, халыққа басқа қызмет көрсету кезінде ұсынымдар
- Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын жоғарлату бойынша үнемі негізде шаралар қолдану.
- Мемлекеттік қызметтер өтініштерді қарастырғанда қағазбастылыққа жол бермей, оларды белгіленген мерзімде табыс ету.
- Мемлекеттік қызмтетер, лицензиялар және басқа рұқсат ететін құжаттарды алуға өтініш бергендермен қызметтен тыс қарым-қатынастарға түспеу.
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа түрткілеген жағдайда басшылыққа хабарлау.
- Мемлекеттік қызмтетер алу үшін қажет тізімдемеге жатпайтын қосымша құжаттарды талап етпеу және сұраныс жасамау.
- Қызмет алушылардан ақпараттық жүйелер арқылы алуға болатын құжаттарды талап етпеу.
- Ақпараттық жүйелерге (олар болған жағдайда) мемлекеттік қызметтер көрсету туралы қарастырылатын өтініштер туралы мәліметтерді, және олардың қарастырылу мәртебесі жөнінде уақытылы енгізу.
- Успен ауданы жергілікті атқарушы органдарының құрамына кіретін барлық атқарушы органдарының, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының құзіретіне кіретін жеке және заңды тұлғаларды тексеріс өткізу кезінде лауазымдық тұлғаларға ұсынымдар
- Тексеру субъектілерінің қорғалатын құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол бермеу.
- Жеке мүдделер мен үшінші тұлғалардың мүдделері үшін тексерулерге бастамашылық жасауға жол бермеу.
- Тексеру шараларын тексерілетін субъектілердің тарапынан жүргізуді болдырмау.
- Тексерілетін субъектілереге заңсыз талаптар қоймау, тексерістің тақырыбына жатпайтын өтініштермен жүгінуге болмайды.
- Тексерілетін субъектіге тексеріскезінде оның мәніне жататын қажет ақпаратты ұсыну.
- Тексерістер жүргізгенде кәсіпкерліктің тексерілетін субъектілерінен тексерудің мәніне жатпайтын құжаттарды талап етпеу.
- Субъектісінің рұқсатынсыз қызметтік міндеттерін орындау кезде мәлім болған коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты жариялау және (немесе) пайдалануды болдырмау, Қазақстан Республикасының заңнамасы белгіленген жағдайлардан басқа.
- Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алумен байланысты мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде ұсынымдар
- Мемлекеттік сатып алулар үшін пайдланатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді ұстау.
- Әлеуетті жеткізулер үшін мемлекеттік сатып алулар рәсіміне қатысу үшін бірдей мүмкіндік ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда.
- Мемлекттік сатып алулардың рәсімінің ашықтығын және анықтығын.
- Отандық тауар өндірушілеріне, сонымен қатар жұмыстар мен қызметтер көрсететін отандық жеткізушілерге Қазақстан Рсепубликасы бекіткен халықаралық келісмдерге қайшы келмейтіндей қолдау көрсету;
- Өткізілетін мемлекеттік сатып алуларда осы әлеуетті жеткізушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жеткізушінің уәкілетті уәкілінің жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылдауға қатысу құықығы бар немесе тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуларда өткізілетін мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы болып табылатын жақын туыстарын, ерлі-зайыптарын немесе жекжаттарын қатысуға жол бермеу;
- Атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттері бар және Борышкерлердің бірыңғай тізімдемесіне енгізілген әлеуетті жеткізушіге және (немесе) онымен тартылатын қосалқы мердігерге (қосыалқы орындаушы) қатысушы ретінде рұқсат бермеу.
- Успен ауданы жергілікті атқарушы органдарының құрамына кіретін барлық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің іріктеу және тағайындау кезінде ұсынымдар
- Жоғары лауазымға әкімшілік мемлкеттік тұлғаны тағайындағанда меритократия қағидаттарын басшылыққа алу;
- Мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;
- Әділет органдарына жұмысқа қабылдаған кезде негізгі міндеттерін, лаузымдық тұлғаларға салынған тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру;
- Мемлекеттік қызметкерлердің жеке деркетері туралы мәліметтерді заңсыз табыс етілуіне жол бермеу;
- Әділет органдарының қызметкерлері жөнінде қызметтік тексерулерді объективтік және жан-жақты жүргізу;
- Норматитвік-құқықтық актілердің жобаларын дайындаған кезінде
- Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» № 480-V ҚРЗ нормаларын қатаң сақтау.
- Олардың мазмұны азаматтардың құқықтары мен бостандығын қозғайтын жағдайларда, алдын ала қоғамдық талқылаусыз нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдауға жол бермеу.
- Өзі немесе үшінші тұлғалар үшін пайда алу мақсатында нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына жол бермеу.
- Құқықтық актілер белгіленбеген тұлғалар тобына немесе дербес белгілі бір тұлғаларға бағытталуы тиіс.
- Өмір тіршілігінің саласының ерекшелігіне байланысты басқа қоғамдық маңызды қатынастарда
- Мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру.
- Жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтарды жасауға жол бермеу.
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау.