Жоба
УСПЕН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
ШЕШІМІ
(VII сайланған сессия)
Успен ауылы № ____ 2021 жылғы
Успен аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 сәуірдегі «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» № 13/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындарын (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру) жеке оқыту жоспары бойынша тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.»;
көрсетілген шешімнің 2-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес айқындалған;»;
көрсетілген шешімнің 3-тармағы алынып тасталсын.
Успен аудандық
мәслихаттың сессия төрағасы
Успен аудандық
мәслихаттың хатшысы