Жоба
УСПЕН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
ШЕШІМІ
(VII сайланған сессия)
Успен ауылы № ____ 2021 жылғы
Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі «Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 27/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
3-тармақ алынып тасталсын;
7-тармақта:
6-1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын «жалғызбасты және жалғыз тұратын бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер;»;
6) тармақша 6-11) тармақшамен толықтырылсын: «бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, сондай-ақ оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жоғары оқу, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқитын бала кезінен мүгедектер;»;
8) тармақша тармақшалармен толықтырылсын:
8-8) «табысы облыс бойынша белгіленген кедейлік шегінен жоғары, бірақ облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен төмен аз қамтылған отбасылар;»;
8-9) «жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын, бірінші баланың тууына байланысты аз қамтылған отбасылар;»;
8-тармақта:
2-7) тармақша жаңа редакцияда жазылсын «осы Қағидалардың 7-тармағының 6-2), 6-6) тармақшаларында көрсетілген санат үшін, 40 (қырық) АЕК мөлшерінде (алып жүретін тұлғаның жолақысына, тұруына және тамақтануына) - өтініш берушінің және алып жүретін адамның жеке куәлігін қоса берумен өтініш негізінде;»;
3-2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын «осы Қағидалардың 7-тармағының 6-2), 6-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді (тұрғын үй көмегін алушыларды қоспағанда) өтеуге 2 (екі) АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;»;
2) тармақша 2-9) тармақшамен толықтырылсын «осы Қағидалардың 6-11) тармақшасында көрсетілген санат үшін, жоғары оқу орындарында оқу құнын ішінара өтеу үшін 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде, кәсіптік және техникалық оқу орындарында 30 (отыз) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;»;
4) тармақша 4-6) тармақшамен толықтырылсын «осы Қағидалардың 7-тармағының 6-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 3 (үш) АЕК мөлшерінде -уәкілетті ұйым тізімінің негізінде.»;
9-тармақта:
1-4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын «осы Қағидалардың 7-тармағының 8-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек – жеке басын куәландыратын құжатты, жүктілігін растайтын құжатты, табысы туралы мәліметті қоса берумен өтініш негізінде;»;
1) тармақша 1-7) тармақшамен толықтырылсын «осы Қағидалардың 8-9) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек, жеке басын куәландыратын құжатты, табыстары туралы мәліметтер қоса бере отырып, өтініш негізінде;»;
2) тармақша 2-3) тармақшамен толықтырылсын «осы Қағидалардың 8-8) тармақшасында көрсетілген санат үшін, әлеуметтік көмек 2 (екі) АЕК мөлшерінде, жеке басын куәландыратын құжатты, табысы туралы мәліметтер қоса бере отырып, өтініш негізінде.»;
4-тарау жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«4-тарау. Қорытынды ереже
Успен аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
Успен аудандық мәслихаттың
хатшысы