Жоба
УСПЕН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
ШЕШІМІ
(VII сайланған сессия)
Успен ауылы № ____ 2021 жылғы
Успен ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Успен ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тоқсан сайын 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу бір жылға тағайындалады және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде мүгедек баланы үйде оқыту қажет деп танылған кезден бастап, үйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне төлеу тәртібі айқындалсын.
- Мүгедек бала жасы 18 жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда, мүгедектігі алып тастағанда, тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда, материалдық қамсыздандыру төлеуді тоқтатуға себеп болған жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
- Успен аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 сәуірдегі «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» № 13/2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5111 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 мамырда «Аймақ ажары», «Огни села» аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Успен аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
Успен аудандық мәслихаттың
хатшысы