Жоба
УСПЕН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
ШЕШІМІ
(_____ сайланған _______ сессия)
Успен ауылы № ____ 20___ жылғы _________
Успен ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Успен аудандық мәслихатының
сессия төрағасы
Успен аудандық
мәслихатының хатшысы
шешіміне 1-қосымша
Успен ауданыңда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1) Успен ауылы Қазыбек би көшесінде орналасқан орталық алаңы. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - жүз адам;
2) Успен ауылы Милевский көшесінде орналасқан аудандық мәдениет үйі алдындағы алаң. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - жүз адам.
1) Успен ауылы, Тәуелсіздікке 10 жыл көшесі бойымен (Қазыбек би көшесінен Милевский көшесіне дейін). Шекті толу нормасы - жүз адам;
2) Успен ауылы, Баюк көшесі бойымен (Бұқар жырау көшесінен Қазыбек би көшесінде орналасқан орталық алаңға дейін). Шекті толу нормасы - жүз адам.
1) өтініште көрсетілген уақыт ішінде арнайы орын аумағында болу;
2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
3) санитариялық нормалар мен қауіпсіздік техникасының қағидаларын, Қазақстан Республикасының қоғамдық құқық тәртібін сақтау жөніндегі заңнамасын сақтау.
1) көше жарықтандыруының болуы;
2) бейнебақылау камераларының болуы;
3) тұрақ орындарымен қамтамасыз етілуі.
шешіміне 2- қосымша
Успен ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым
салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 150 метр қашықтықта:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда жүргізуге жол берілмейді.