Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-11-бабына сәйкес Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 28 қаңтарда өткен Успен ауданы Успен ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша дауыс беру қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде 2024 жылғы 29 қаңтарда сайланған әкімді тіркеді:
– Успен ауданы Успен ауылдық округінің әкімі –Саламацкий Сергей Иванович, 1964 жылы туған, Успен ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған, Успен ауылдық округінің Успен ауылында тұрады.
Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы