Успен ауданының «Равнополь ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі

Успен ауданының «Равнополь ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі

  1. Жалпы ережелер

 1) Қызметті беруші туралы мәліметтер: Успен ауданының «Равнополь ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты).

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Успен ауданының «Равнополь ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізудіталапетпейтін, мемлекетменшігіндегіжеручаскелерінеқұқықтардысатыпалу»;
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»:
  3. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;
  4. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;
  5. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;
  6. «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту».

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік қызметтердің саны - 6;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 1, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz - 5;

тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 6;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 6;

мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны - 1;

3) Неғұрлым қажетті мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

2025 жылы әкім аппараты 19 мемлекеттік қызмет көрсетті:

  • Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу - 17 қызмет (elicense.kz ішкі порталы арқылы);
  • Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату - 1 қызмет (қағаз түрінде)
  • Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту - 1 қызмет (қағаз түрінде).

.Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту-0.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында іс-шаралар өткізілді:

  • Мемлекеттік қызметтер туралы кітапшаларды халыққа тарату;
  • Әкім аппаратының @ ravnopol _ akimdigi Instagram аккаунтында мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық материалдарды жариялау.

Әкім аппаратының ғимаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық материалдар бар стенд бар, Константиновка селосында сервистік әкімдік және Константиновка және Таволжан ауылдарында 2 «электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға арналған бұрыш» жұмыс істейді.

Өзіне өзі қызмет көрсету  бұрышы арқылы 2025 жылы 441 ауылдың тұрғынына  642 мемлекеттік қызмет берілді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары келіп түскен жағдайда, оларды жария талқылау үшін Успен ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілетін болады.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).

2026 жылдың бірінші жартыжылдық ауылдық округ әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінде Успен ауданының «Равнополь ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі есебі тыңдалады.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жүргізілмеген.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы тамызда әкім аппараты қызметкерлерінің жиналысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы туралы түсіндірме сұхбат өткізілді.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Өткізілмеді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2025 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

2025 жылдың сәуір айында жұмыс тобы әкім аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты ұсынымдарды талдау қорытындысы бойынша деректер толық көлемде орындалды.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингісінің нәтижелері.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары

 2026 жылы әкім аппараты мемлекеттік қызмет көрсету саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер саласындағы қолданыстағы заңнаманы қатаң басшылыққа алатын болады, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілеріне жол бермейтін болады, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша «Успен ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне тоқсан сайынғы есептерді тапсыру қамтамасыз етілетін болады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс тұрақты бақылауда.

 

Успен ауданының «Равнополь ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі
Дата публикации
03 февраля 2026