GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
17 октября 2026
Ертіс-Баян өңірінің дәмі: павлодарлық жәрмеңке елордалық сатып алушыларды тағы да тәнті етті

615 тоннаға жуық өнім, 80-нен астам өндіруші және орташа нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен баға. Павлодар облысы Астанада жергілікті өндірушілердің үздік өнімдерін ұсынды.

17-18 қазан күндері «Қазанат» ипподромында Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде.

Жәрмеңкеге 10 ауданнан, сондай-ақ Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларынан 80-нен астам өндіруші өз өнімдерін әкелді. Сатып алушыларға ет, көкөніс, картоп, бал, сүт және балық өнімдері, шұжық өнімдері, ұн мен макарон ұсынылды.

Жәрмеңкеге 440 тонна картоп, көкөніс пен бақша дақылдары, сондай-ақ 102 тонна ет әкелінді. Өнімдердің бағасы елордадағы орташа нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен.

- Картоп алуға келіп, ет пен бал да сатып алдық. Өнімдердің сапасы жақсы, таңдау мол, бағасы қолжетімді, - деп бөлісті Астана тұрғыны.

Жәрмеңке елорда тұрғындарына сапалы өнімдерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берсе, павлодарлық өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтіп, Ертіс-Баян өңірінің өнімдерін таныстыруға жол ашады.

11 октября 2026
Облыс әкімдігінде егін жинау науқанын аяқтау, жемшөп дайындау және бағаны тұрақты ұстап тұру мәселелері талқыланды.

Жалпы 1,55 млн га алқаптың 1,15 млн га жиналды. 98% дәнді дақылдар алқабы жиналып, 707 мың тонна астық бастырылды. Өнімділігі 9,1 ц/га құрады. 97% картоп, 99% көкөніс жиналды, бақша және жемшөп дақылдарын жинау толық аяқталды. 1,32 млн тонна шөп дайындалды. 2027 жылғы егіс науқанына 189,9 мың га егіс алқабы өңделіп, 212,3 мың га жер жыртылды.
⠀
Өңірде азық-түліктің 21 түрі бойынша баға республикалық орташа деңгейден төмен. Тағы 13 түрі бойынша облыс баға деңгейі ең төмен бес өңірдің қатарында. Тұрақтандыру қорында 2 млрд теңгеге 7,7 мың тонна өнім сақтаулы.
⠀
Өңірде «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы іске қосылуда. «Техноснаб ПВ» ЖШС-мен 180 млн теңге көлемінде қарыз беру туралы келісімшарт әзірленуде. Жеңілдетілген бағадағы азық-түлік өнімдері атаулы әлеуметтік көмек алушыларға «Ваш» сауда желісінде қолжетімді болады.
⠀
Облыс әкімі 15% сауда үстемесінің сақталуын бақылауды күшейтуді және өнімдерді делдалсыз тікелей сатуға мүмкіндік беретін жәрмеңкелерді жалғастыруды тапсырды.

11 октября 2026
Павлодар облысы Беларусь өңірлерімен өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың Беларусь Республикасына ресми сапары аясында Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Барлыбаевич Батыргужинов Минск қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің жұмысына қатысты.

Сапар барысында Қазақстан мен Беларусь өңірлері арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды.

🤝 Келіссөздердің қорытындысы бойынша Павлодар облысы мен Минск облысы, сондай-ақ Павлодар облысы мен Гомель облысы арасындағы 2026–2028 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарларына қол қойылды.

Аталған құжаттар сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған.

📍 Минск қаласы, Беларусь Республикасы
📅 2026 жылғы 1–2 қазан

28 сентября 2026
Павлодарда "Ертіс-Дружба өзені, даму өзені" халықаралық форумы өтті.

Достық үйінде бай іскерлік бағдарлама өтті.Форум аясында өнеркәсіп және тамақ өнімдері, сондай-ақ өңірдің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлары ұсынылды.

Омбы және Тюмень облыстарының, ХМАО — Угра, ЯНАО өкілдерінің, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының қонақтарының қатысуымен өткен пленарлық отырыс басты оқиға болды.

Форум аясында екі панельдік сессия өтті:
-"Ертіс: су жолынан қазіргі көлік дәлізіне дейін"ҰБТ;
- "Шығармашылық индустрия шекара маңындағы аумақтарды дамытудың драйвері ретінде".

 Ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылау үшін Қазақстан мен Ресей бизнес өкілдерін біріктірген B2B-келіссөздер іскерлік бағдарламасын аяқтады.

Форум өңіраралық байланыстарды, іскерлік диалогты нығайту және жаңа бірлескен жобаларды дамыту алаңына айналды.

14 сентября 2026
Облыстың Кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Р.Е. Кокишев Алтынбек Қ.А. азаматты жеке қабылдады.

Қабылдау барысында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары мәселесі қаралды.

Р.Е. Кокишев мемлекеттік қолдаудың қолжетімді құралдары, оларды алу шарттары, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бойынша қолданыстағы тетіктер туралы толық түсіндірме берді.

Кездесу қорытындысы бойынша өтініш берушіге қажетті түсіндірмелер мен одан әрі іс-қимылдар бойынша ұсынымдар берілді.

13 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.

Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:

- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;

- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;

- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;

- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;

- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;

- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;

- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.

Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.

Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.

Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.

«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.

Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.

Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

 

31 августа 2026
"Технопром-2026" халықаралық форумына қатысу.

Павлодар облысы Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Талғат Әнуарбекұлы Дугалов 2026 жылғы 26-28 тамыз аралығында Новосібір қаласында өткен "Технопром2026" халықаралық Технологиялық даму форумына қатысты

Форум аясында 40-тан астам ел әкімдері мен өкілдерінің қатысуымен өткен пленарлық отырысқа қатысып, заманауи технологиялық шешімдер инновациялық әзірлемелер мен перспективалық жобалар ұсынылған көрме экспозициясымен танысты

27 августа 2026
Бүгін Павлодар облысының "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Челябинск қаласындағы "Қазақстан" сауда үйі басшысының Павлодар облысының кәсіпкерлерімен онлайн-кездесуі өтті.

Кеңес барысында қатысушылар Ресей Федерациясының аумағында жергілікті өндірушілердің өнімдерін жылжыту және сату, қазақстандық бизнестің Ресей нарығына шығу мүмкіндіктері, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық перспективалары мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңірдің кәсіпкерлері мен "Қазақстан"Сауда үйі арасындағы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын одан әрі тікелей өзара іс-қимыл және пысықтау туралы уағдаласты.

 Мұндай кездесулер іскерлік байланыстарды дамытуға, Павлодар бизнесінің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге және өңірдің өнімдерін шетелдік нарықтарда ілгерілетуге ықпал етеді.

18 августа 2026
Павлодар облысы макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны бойынша елдегі үздік төрт өңірдің қатарына кірді.

7 айдың қорытындысы бойынша облыстың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 109,8%-ды құрады. Бұл республикалық көрсеткіштен 4,9%-ға жоғары. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,5 трлн теңгеге жетіп, НКИ 107,1%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 10,7%-ды құрады.Негізгі капиталға салынған инвестициялар 646 млрд теңгеден асты (НКИ - 111,9%). Ауыл шаруашылығы 4,6%-ға өсіп, 145,1 млрд теңгеге жетті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 234,9 млрд теңгені құрап, 32%-ға артты. 179 мың ш.м. астам тұрғын үй пайдалануға берілді.
Ішкі сауда көлемі 25,4%-ға өсті - 1,305 трлн теңге. Көлік қызметтері 6,1%-ға артты. Жыл басынан бергі инфляция 4,7%-ды құрады және республикалық көрсеткіштен 5,7%-ға төмен.
⠀
Облыс бюджеті 99,9%-ға орындалды: 354,3 млрд теңге игерілді. Бюджетке түсімдер 285,1 млрд теңгені құрап, бір жыл ішінде 21,9%-ға өсті.
⠀
Облыс әкімі Асайын Байханов экономикалық көрсеткіштерге тұрақты мониторинг жүргізуді және төмендеу тәуекелі бар көрсеткіштер бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
⠀
Тамыз айында да оң динамиканың сақталуы болжануда.

17 августа 2026
Павлодар облысы кәсіпкерлерінің назарына!
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы