GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

УКЗСП Павлодарской области
Меню
Страницы
Құжаттар
Басқарма туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
07 июля 2026
Құрылтай - 23 тамыз
Жұмыспен қамту
21 ноября 2025
«Павлодар облысының ұйымдарында 2026 жылға мүгедектігі бар адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаны белгілеу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің қаулы жобасына пресс-релиз

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Павлодар облысының ұйымдарында 2025 жылға мүгедектігі бар адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаны белгілеу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің қаулы жобасын әзірледі (бұдан әрі – Жоба).

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII «Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексі» заңының 107-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

Жобаны қабылдаудың теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе салдары жоқ.

Жоба 2025 жылғы 20 қарашада «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15702869 сілтеме бойынша орналастырылды.

30 июня 2025
Анонс
19 мая 2025
СЖТІТ туралы хабарландыру
14 мая 2025
2025 жылғы 21 мамырдан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады

Business.enbek.kz порталында 2025 жылғы 21 мамырдан бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады. Павлодар облысы бойынша бірінші лекте 221 адамға грант беру жоспарлануда.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.

Гранттың мөлшері 400 АЕК-ті (1 572 800 тенге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өтінім беру үшін қажет:

- Порталда тіркелу;
- грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
- бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
- өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.

Гранты предоставляются на безвозмездной основе, их целевое назначение — запуск и развитие нового бизнеса.

Размер гранта составляет 400 МРП (1 572 800 тенге). Каждый участник может получить грант только один раз.

Средства гранта помогут начинающим предпринимателям раскрыть свой бизнес-потенциал, наладить и развить производство, а также обеспечить себя стабильным доходом.

Для подачи заявки необходимо:

Зарегистрироваться на портале;

Пройти проверку на соответствие условиям получения гранта;

Скачать шаблон бизнес-плана, заполнить его и загрузить на портал;

Заполнить форму заявки и подписать ее с помощью ЭЦП (электронной цифровой подписи).

В случае отсутствия доступа к интернету или компьютеру, подать заявку можно в зонах самообслуживания центров занятости или в центрах обслуживания населения.

29 апреля 2025
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстанның кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты  2025 жылы өткізуі басталғанын хабарлайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алады.

Конкурс лауреаттарының атақтары үш санат бойынша:

1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;

2) орта кәсіпкерлік субъектісі;

3) ірі кәсіпкерлік субъектісі;

және мынадай номинациялар бойынша беріледі:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын ұйымдардың қызметі қаралады (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.).

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда еңбек қызметі жүрісінде жұмысшылардың денсаулығын сақтауға ықпал ететін жағдайларды жасаған ұйымдардың қызметі қаралады.

3) «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы». Бұл номинацияда қоғамға пайдасын беретін және/немесе негізгі қызметке ұзақ мерзімді болашақта оң әсер ететін, әртүрлі тыныс-тіршілік салаларындағы әлеуметтік жобаларды іске асыратын ұйымдардың және өзге де жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі қаралады.

4) «Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

5) «Экологияға қосқан үлесi үшiн». Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады.

Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласуларыңызды сұраймыз (байланыс телефоны 32-40-41).

28 марта 2025
«Еңбек жолы» республикалық конкурсы

Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін «Еңбек жолы» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.

«Еңбек жолы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға өтініштерді қабылдау 2025 жылдың 1сәуірден басталады.

Конкурс үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындап, еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеп, еңбек дәстүрлерін сақтап және оны көбейтуге мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттырып, өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс үш номинация бойынша өтеді:

1) Үздік еңбек әулеті – ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.

Еңбек әулеті – бір ұймның бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады;

3) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

Конкурсқа қатысу үшін екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынылады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьтерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;

6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.

Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):

мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;

біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Өтініштерді қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірден 1 шілдеге дейін жүргізіледі. Өтініштер Павлодар қ., Астана көшесі, 59, кабинет 214 мекен-жайы бойынша қабылданады.

Анықтама телефоны: 8 7182 325509

16 января 2025
Телефонхат

 

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі

комиссия мүшелеріне

(тізім бойынша)

 

Т Е Л Е Ф О Н Х А Т

 

         Сіздден 2025 жылғы 20 қаңтардағы 09.30-де облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтетін комиссия отырысына қатысуды сұраймыз.

Мекен-жайы: Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59, 220 кабинет.

Қосымша 1 парақта.

 

 

Басқарма басшысы                                                    А. Дисюпова

        

Орындаушы: Жукенова,

тел.: 32-55-80

 

 

 

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруге қатысу тізімі:

 

«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ;

«Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ;

«Білім беру басқармасы» ММ;

«Облыс полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31 декабря 2024
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа тәсілдері туралы
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Укзсп Павлодар (@ukzsp)

 

24 декабря 2024
Телефонхат

 

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі

комиссия мүшелеріне

(тізім бойынша)

 

Т Е Л Е Ф О Н Х А Т

 

         Сіздден 2024 жылғы 27 желтоқсандағы 10.00-де облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтетін комиссия отырысына қатысуды сұраймыз.

Мекен-жайы: Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59, 220 кабинет.

Қосымша 1 парақта.

 

 

Басқарма басшысы                                               А. Дисюпова

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаушы: Жукенова,

тел.: 32-55-80

 

 

 

 

 

 

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруге қатысу тізімі:

 

«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ;

«Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ;

«Білім беру басқармасы» ММ;

«Облыс полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы