
Бүгін Жастар бастамаларын дамыту орталығында облыс әкімінің бірінші орынбасары О.П. Крук, Ертіс ауданының әкімі А.У. Бейсекин, цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Д.Т. Мырзабаевтың қатысуымен «Жастар – мемлекеттік аппараттың болашағы» диалог алаңы өтті.
Диалог алаңы облыс әкімінің аппараты ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында өткізілді. Диалог алаңына облыстың, сондай-ақ қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының жас мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Кездесу барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Н. Қарымсақов құттықтау сөз сөйледі.
Кездесу спикерлері өздерінің жеке және кәсіби даму жолдары туралы айтып, өмірдегі қызықты оқиғалармен бөлісті және өздерінің жас әріптестеріне тілектерін білдірді. Мысалы, Крук О.П. өзінің еңбек қызметінің алғашқы жылдары туралы естеліктерімен бөлісті, Мырзабаев Д.Т. шет тілдерін үйрену және шетелде оқу туралы айтты, ал Бейсекин А.У. өзін-өзі дамытумен үздіксіз айналысуға кеңес берді.
Диалог алаңының форматы алғаш рет мемлекеттік қызметшілермен кездесулерде қолданылды. Іс-шараға қатысушылар оны қызықты деп тапты.
@uior.pavlodar