
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ бойынша 2021 жылғы 25 тамыздағы Павлодар облыстық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 534/44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 64/6 шешімімен жалпы сомада келесі шығындар қарастырылды: 2021 жылы – 13415209,0 мың теңге, 2022 жылы –3573521,0 мың теңге, 2023 жылы – 3643973,0 мың теңге.
2021 жылға шығындар 15 ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінді.
«Жергілікті деңгейде халық үшін жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер» 001 бағдарлама бойынша 235944,0 мың теңге сомасында қаражат жоспарланды. Осы бағдарламаның мақсаты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Осы бюджеттік бағдарламамен 46 бірлік саны бар басқарманың аппаратын (соның ішінде 38 адам мемлекеттік қызметкер және 8 адам техникалық қызметші) ұстауға қарастырылған.
«Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» 002 бағдарлама бойынша еңбекақы төлеу қорына, соның ішінде жалақының ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен 232039,0 мың теңге сомасында, келесі мекемелердегі 573 қарт және мүгедекті:
1) «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ 188,95 штаттық бірлік, стационар бойынша қамқорлықтағылардың саны 273 адам және күндізгі болу бөлімшесінің 23 адамы;
2) «Жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған Ақсу арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қамқорлықтағылардың саны 232 адам болғанда 153,5 штат бірлігі;
3) «Қарттар мен мүгедектерге арналған Павлодар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
орталығы» КММ 46,3 штаттық бірлік, қамқорлықтағылардың саны паллиативтік бөлімшенің 45 адамын ұстауға, азық-түлікке, дәрі-дәрмектерге, коммуналдық қызметтерге арналған және басқа да шығыстарға 1049994,0 мың теңге сомасында қаражат жоспарланды.
«Мүгедектерге әлеуметтік қолдау» 003 бағдарлама бойынша 2021 жылға 262648,0 мың теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 200304,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен мүгедектерге әлеуметтік көмек 62344,0 мың теңге жоспарланды. Қаражат жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 295 мұқтаж мүгедекке қосымша көмек, 256 мүгедекке санаторлық-курорттық емдеуді қамтамасыз ету, 106 сурдоқұралдардармен қамтамасыз ету, 169 тифлоқұралмен қамтамасыз ету, 216 кресло-арбамен қамтамасыз ету, жоғары және орта оқу орындарында оқытуға 87 мүгедекке көмек көрсету, мүгедек адамдарды 594 протездік-ортопедиялық бұйыммен және көмекпен қамтамасыз етуге қарастырылды.
«Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» 007 бағдарламасы бойынша 2021 жылға жалпы сомасы 45,0 мың тенге қаражат жоспарланды, қаражат бактерицидтік сәулелендіргіш сатып алуға қарастырылған.
«Жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есепке қосу, төлеу және жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу» 011 бағдарлама бойынша жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есепке қосу, төлеу және жеткізу бойынша банк қызметтерін төлеу үшін 420,0 мың теңге жоспарланды.
«Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» 012 бағдарлама бойынша «Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ 127 штаттық бірлігінің еңбек ақы қорына, соның ішінде еңбек ақының өсуіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен 95161,0 мың теңге сомада; 110 мүгедек балаға, соның ішінде 48 балаға күндізгі стационар жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету үшін, азық-түлік шығыстарына, дәрі-дәрмек шығыстарына, коммуналдық қызметтерге және келесі мекемелерді ұстау үшін өзге де шығыстарға 343154,0 мың теңге жоспарланды.
«Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» 013 бағдарлама бойынша 2068466,0 мың теңге сомасында еңбек ақы қорына, соның ішінде еңбек ақының өсуіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен 406924,0 мың теңге сомада, психоневрологиялық аурулары бар 1033 мүгедекті ұстауға, азық-түлік шығыстарына, дәрі-дәрмек шығыстарына, коммуналдық қызметтерге және келесі мекемелерді ұстау үшін өзге де шығыстарға келесі мекемелер бойынша қаражат қарастырылды:
«Оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» 014 бағдарлама бойынша «Ардагерлер үйі» қарттар мен мүгедектерді оңалтудың облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ 115,5 штаттық бірлікке еңбек ақы қорына, соның ішінде еңбек ақының өсуіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен 80004,0 мың теңге сомада; азық-түлік, дәрі-дәрмек шығыстарына, коммуналдық қызметтерге және 92 адам қызмет алушыны (жылына 12 күннен 25 рет келу) ұстау үшін өзге де шығыстарға 280131,0 мың теңге қарастырылды;
«Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» 015 бағдарлама бойынша «Облыстық балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ 115,5 штаттық бірлігінің еңбек ақы қорына, соның ішінде еңбек ақының өсуіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен 74728,0 мың теңге сомада; азық-түлік, дәрі-дәрмек шығыстарына, коммуналдық қызметтерге және 70 қызмет алушыға, соның ішінде стационар бойынша 50 қызмет алушы және күндізгі бөлімше бойынша 20 адамға өзге де қызметтерге 314349,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды;
«Жергілікті деңгейде көші-қон шараларын іске асыру» 044 бағдарлама бойынша оралмандарды уақытша орналыстыру орталығының қызметі үшін штаттан тыс 9 бірліктің еңбек ақы қорына, коммуналдық қызметтер төлеуге, жанар-жағар май материалдарды және басқа тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға жалпы 12 094,0 мың тенге қарастырылды. Орталық облысқа еңбек күші артық өңірлерден келетін қонысаударушылар мен этникалық қазақтарды уақытша орналастыруға арналған.
«Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және күйіне келтіру» 053 республика бюджетінен бағдарлама бойынша 50 050,0 мың теңге сомаға 2021 жылы жалпы 10, соның ішінде 6 мүгедек бала және 4 ересектің сөйлеу процессорын аустыруға жатады.
«Ведомстволық бағыныстағы мекемелердің және ұйымдардың күрделі шығыстары» 067 бағдарлама бойынша ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, соның ішінде:
2 ассенизаторлық машина сатып алуға, облыстың 8 мекемесін жарақтандыруға 365 бірлік медициналық, ас үй, кір жуу, оңалту жабдықтарын, жиһаз, компьютерлік техника, қазандықтарға арналған жабдықтар мен өзге де жабдықтарды сатып алуға жалпы 172427,0 мың теңге қарастырылды.
«Мемлекеттік-жекеше әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік мідеттерді орындау» 096 бағдарлама бойынша 1800 зейнеткерге «Павлодар облысына «Черноярская жемчужина» демалыс үйі базасында зейнет жасына жеткен тұлғаларға әлеуметтік қызмет ұйымдастыру» мемлекеттік-жекеші сәріптестік жобасын іске асыруға жалпы 111266,0 мың теңге қаражат жоспарланған.
«Жергілікті бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер» 113 бағдарлама бойынша жалпы сомасы 8 512 629,0 мың теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 7 254 463,0 мың теңге келесі іс-шаралар бойынша жоспарланған:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына өзгерістер енгізуге байланысты арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін мекемелердің қызметкерлеріне, психоэмоциялық және дене жүктемесі үшін қосымша ақы төлеу үшін 110476,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды;
- ағымды жылы әлеуметтік қызмет Порталын еңгізуіне байланысты және біріңғай бюджеттік классификаторға өзгерістер еңгізуіне байланысты осы кіші бюджеттік бағдарламаға мүгедектерді 721 санаторлы-курорттық қызметпен, 738 сурдотехникалық құралмен, 1177 тифлотехникалық құралмен, 627 арнаы жұріп-тұру құралмен (кресло-арбамен), 1863 протедо-ортопедиялық құралдармен және қызметтермен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар ауыстырылды, осы іс-шараларға жоспарланған қаражаттың жалпы сомасы 601104,0 мың теңге;
Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 434194,0 мың теңге сомада келесі іс-шаралар бойынша:
- Ақсу қаласының оңалту орталығында 38 мүгедек балаға әлеуметтік қызмет көрсету үшін 86262,0 мың теңге сомасында;
- «Ten cogam» орталығы арқылы мүгедектерді жұмысқа орналастыруға және әлеуметтік бейімдеуге 250 мүгедекке 21000,0 мың теңге сомасында қаражат көзделген;
- ағымды жылы әлеуметтік қызмет Порталын еңгізуіне байланысты және біріңгай бюджеттік классификаторға өзгерістер еңгізуіне байланысты облыстық бюджетің трансферттердің есебінен осы кіші бюджеттік бағдарламаға мүгедектерді 1572 санаторлы-курорттық қызметпен, 2 сурдотехникалық құралмен, 228 арнаы жұріп-тұру құралмен (кресло-арбамен), 2313 протедо-ортопедиялық құралдармен және қызметтермен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар ауыстырылды, осы іс-шараларға жоспарлаңған қаражаттың жалпы сомасы 380310,0 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен 443662,0 мың теңге сомада келесі іс-шара бойынша:
766,63 штат бірлігінің жалақысының өсуіне, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметкерлеріне және Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлеріне қөсымша төлемдер төлеуге, сондай-ақ осы санатта жұмысшылардың жалақысының өсуіне байланысты жергілікті бюджет шығындарын өтеуге 443662,0 мың тенге сомада қаражат көзделген.