
Еңбек күші артық өңірлерден ерікті түрде өңіраралық қоныс аудару облыстың еңбек кадрларының жетіспеушілігінің орнын толтыру мақсатында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
Жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін қоныс аударушыларға жұмыс орны беріледі, субсидиялар төленеді және жалға берілетін тұрғын үй (болған жағдайда) беріледі.
Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде әкімдік пен халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері Ленин кентіндегі 14 үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.
Қоныс аударушылардың айтуынша, олар осы Бағдарламаға қатысуға өте қуанышты, өйткені көптеген отбасылардың бұрынғы тұрғылықты жерінде жеке баспаналары болған жоқ.
Бағдарлама шарттары бойынша жалға берілетін тұрғын үй алған қоныс аударушылар одан әрі сатып алу құқығымен, берілген тұрғын үйде кемінде 5 жыл тұруға тиіс болады.
Ағымдағы жылдың 1 мамырына облысқа барлығы 718 қоныс аударушы (153 отбасы) келді, оның ішінде Павлодар қаласына 129 адам (27 отбасы) көшіп келді.