УКЗСП Павлодарской области

Меню

Страницы

Статья

«Екібастұз қаласында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін орталықты ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын бастамашылық ету жөнінде ХАБАРЛАМА

«Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының» 133-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінен, қаржы және басқа ұйымдардан мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаны іске асыруға қызығушылық туралы баламалы ұсыныстарды тарту мақсатында «Өмірлік қиын жағдайда жүрген қарт адамдарға  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған Ақсу кентіндегі пансионат» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын (бұдан әрі – МЖӘ жобасы) бастамашылық ету жөнінде хабарлайды. 

 

МЖӘ жобасын жүзеге асыру талаптары:

 

Жобаны іске асыру шеңберінде кызмет көрсетуді қолдану 5  жылға алдын ала төлеу  122,5 млн теңге;

Қызмет алушылардың саны  20 адам;

МЖӘ шартының түрі – тікілей келіссөздер.

 

МЖӘ жобасының мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалану шеңберінде Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес жеке бизнес өкілдерімен облыстың қарт адамдарына стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.

Міндеттері:

- "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 238 бұйрығының, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығының, "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Ұлттық экономика министрінің 19.03.2015 жылғы № 234 бұйрығының, "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсететін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 896 бұйрығының стандарттары мен нормативтеріне барынша сәйкес келетін облыстың қарт адамдары мен мүгедектеріне көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер.

МЖӘ жобасының алдын ала мерзімі 5 жылды құрайды. Жобаны Павлодар облысы, Екібастұз қаласында іске асыру жоспарлануда.         

 

Жоспарланған МЖӘ жобасын жүзеге асыруға мүдделі әлеуетті жеке серіктестер өзі туралы негізгі ақпаратты көрсете отырып, осындай жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы балама ұсыныс жасайды, оның ішінде:

  • әлеуетті жекеше әріптестің атауын және мекенжайын;
  • мемлекетке тиесілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін);
  • заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді;

     - осы Қағидалардың 128-тармағына сәйкес объектіге қатысты меншік немесе ұзақ мерзімге жалға алу құқығын не әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды растайтын құжаттарды;

     - әлеуетті жекеше әріптесте зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтардың болуы туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның растау хатын қамтитын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім енгізеді.

Басқа да әлеуетті жеке серіктестердің баламалы ұсыныстары техникалық  сипаттамасы бойынша осы хабарламада көрсетілгенге тең немесе одан жоғары болуы тиіс.

Баламалы ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Сонымен бірге, көрсетілген мерзім Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын баспасөз басылымында хабарлама жарияланған күннен бастап есептеледі.

Ақырғы баламалы өтінімді ұсынудың мерзімі - 2021 жылғы 17 мамырда.

Жобаға қатысу қызығушылық туындаған жағдайда  қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7182) 327015, e-mail: org.dsz@pavlodar.gov.kz, мекенжайы: 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59,  217 каб.

уәкілетті тұлға - Әлия Бекболатқызы Рахимова.

Дата публикации
20 апреля 2021
Дата обновления
20 апреля 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
07 июля 2026
Курылтай - 23 августа
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
24 мая 2022
5 маусым Республикалық референдум

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы