УКЗСП Павлодарской области

Меню

Страницы

Статья

Аксу-учитель Якупбаева

Марина Бурибаевна Якупбаеваның отбасы 2019 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданынан Ақсу қаласына көшіп келген. Марина Бурибаевна үш кәмелетке толмаған баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Жоғары білімі бар, «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бакалавр. Ақсу қаласына көшіп келген ол бірден өзінің мамандығы бойынша «Ақсу қаласының № 7 орта мектебі» КММ жұмысқа орналасты.

         «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Марина Бурибаевнаның отбасына мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары көрсетілді (көшуге субсидиялар және тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар төленді).

         Марина Бурибаевнаның балалары Ақсу қаласының №1 орта мектебінде оқиды: Айғаным, 2009 жылы туған, 1-сыныпта оқиды, Шыңғысхан, 2011 жылы туған, 3-сыныпта оқиды, ал Мерует, 2013 жылы туған, 6-сынып оқушысы.

         Мектеп басшылығының айтуынша, Марина Бурибаевна жұмыс барысында өзін жақсы жағынан көрсетті, шығармашылық адам ретінде әріптестері мен оқушылар арасында құрметке ие. Мұғалімнің жұмысында сабаққа жүйелі көзқарас айқын көрінеді. Оның оқушылары қалалық және облыстық олимпиадаларда орын алады.

         Сонымен қатар, Марина Бурибаевнаның өзі «Абай әлемі» республикалық байқауына оқушылардың қосқан үлесі үшін «Қазақстан ұстазы» құрмет грамотасымен марапатталды. UCHITELYA.KZ «Қазақ тілі мен әдебиетінде оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту»тақырыбы бойынша баспа басылымында әдістемелік әзірлеме жариялады.

         Ағымдағы жылы Марина Бурибаевна Ақсу қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша ипотекалық тұрғын үй сатып алды.

         Марина Бурибаевна адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламаның бар екеніне қуанышты. Бағдарламаның арқасында ол Ақсу қаласына көшіп, сүйікті мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, өз баспанасына ие болды.

Дата публикации
04 февраля 2021
Дата обновления
04 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
07 июля 2026
Курылтай - 23 августа
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
24 мая 2022
5 маусым Республикалық референдум

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы