УКЗСП Павлодарской области

Меню

Страницы

Статья

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қолдау

Павлодар облысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамту шараларымен қамту бойынша ақпарат

Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат азаматтарды толық, өнімді және еркін таңдап алған жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған және жұмыс іздеуде қиындық көріп отырған адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шараларды жүзеге асыру жолымен іске асырылады.

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға басым құқыққа ие. Бағдарлама шеңберінде осы адамдарға еңбек нарығында сұранысқа ие біліктілік пен дағдылар бойынша кәсіптік оқыту және одан әрі жұмысқа орналастыру түрінде мемлекеттік қолдау, тұрақты және уақытша жұмыс орындарына (әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сондай-ақ ауылдық жерлерде жеке ісін ашуға немесе кеңейтуге микрокредит беру жолымен кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсету ұсынылады.

Ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 155 адам жүгінді. Оның ішінде 61 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 14-әлеуметтік жұмыс орындарына, 44-қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Жұмыспен қамту шараларымен қамту 76,8% құрады, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

2020 жылы жергілікті атқарушы органдар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін 656 жұмыс орнына қаулы қабылдады және квота белгіленді, 16 адам жұмысқа орналастырылды.

Павлодар қаласы және Баянауыл ауданында 12 кәсіпорынмен меморандумдар жасалды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 10 адам жұмысқа орналастырылды.

Жалпы сомасы 1,2 млн.теңгеге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 80 адам бір жолғы әлеуметтік көмек алды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыста жұмыссыздар, жастар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар және алимент бойынша берешегі бар тұлғалар үшін 11 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Осы жәрмеңкелерге 140-тан астам жұмыс берушілер қатысты, 295 адам әңгімелесуге шақырылды, 142 жұмысқа орналастырылды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіру және оларды әлеуметтік бейімдеу процесін жақсарту мақсатында Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған бейімдеу орталықтары және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтары" болып қайта ұйымдастырылды.

Қайта әлеуметтендіру орталықтары қызметінің мақсаты адал еңбек өміріне табысты дайындалу, қажетті тұрғын үй және тұрмыстық жағдайлар жасау, қоғамдық-пайдалы еңбекке тарту және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін, бұрынғы сотталғандар үшін еңбек ұжымдарында бекіту үшін, сондай-ақ олардың тарапынан қайта қылмыс жасауға жол бермеу мақсатында жағдайлар жасау болып табылады. Өмірлік қиын жағдайға тап болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға бейімделуге және қайта әлеуметтендіруге жәрдемдесу.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі және ерекше бақылауда.

Дата публикации
13 мая 2020
Дата обновления
13 мая 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
07 июля 2026
Курылтай - 23 августа
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
24 мая 2022
5 маусым Республикалық референдум

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы