Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы бойынша ақпарат

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы бойынша ақпарат

 Павлодар облысына қоныс аудару

2023 жылы ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы шеңберінде Павлодар облысына 3352 адам (710 отбасы) қоныс аударып келген, оның ішінде қандастар 972 адам (191 отбасы), жұмыс күші артық өңірлерден 2380 адам (519 отбасы).

Көшіп келгендердің ішінде 1650 адам жұмысқа жарамды жаста, жұмысқа орналасқандар саны 1084 адам, 18 адам адам жеке кәсіппен айналысып, 28 адам қайтарымсыз грантқа ие болды.

         Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап қоныс аударуды ынталандыруға көшіп келушілерге экономикалық ұтқырлық сертификатын тұрғын-үйді сатып алуға, салуға немесе алғашқы жарна ретінде пайдалануға тұрғын-үй құнының 50%-н, алайда 1160 АЕК-тен  аспайтын сомада ұсынылана бастады.  

2023 жылы тұрғын үймен қамтамасыз етуге 542 отбасыға ұтқырлық сертификаты берілді.

2024 жылы еліміздің жұмыс күші артық өңірлерінен 2603 адамды, 902 қандасты қабылдау жоспарлануда.

Ағымдағы жылы қоныс аударушылар мен қандастарды таңдау және тұру бойынша ынталандырудың оңтайлы моделін құру мақсатында солтүстік өңірлерде оларды бейімдеу мен интеграциялау бойынша жаңа алгоритм іске асырылуда.

Бұл алгоритм Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында пилоттық режимде іске қосылды.

Пилоттық жоба шеңберінде жергілікті қоғамдастыққа тиімді интеграциялау үшін отбасын, оның ішінде балаларды толық сүйемелдеуді, сондай-ақ әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтерін қамтитын бейімдеу және интеграциялық қызметтер кешені ұсынылатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 апреля 2024