2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбек иммигранттары туралы ақпарат
2024 жылға арналған еңбекші көшіп келушілерді тартуға арналған квота – 2000 бірлікті құрайды, орындалуы-437 бірлікті құрайды, квотаны облыстың қалалары мен аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері береді. Еңбекші көшіп келушілер Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдерінен үй шаруашылығындағы жеке тұлғалардың үй қызметкерлері ретінде тартылады.
Анықтама: Кеден одағы елдерінің, атап айтқанда Ресей Федерациясының, Беларуссияның, Қырғызстанның және Арменияның азаматтары еңбек қызметін рұқсатсыз жүзеге асыра алады.