2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту туралы ақпарат

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту туралы ақпарат

         Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілейді.

        Павлодар облысы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға бекітілген квота 125 бірлікті құрайды, оның ішінде 1 санат бойынша – 3 бірлік, 2 санат бойынша – 54 бірлік, 3 санат бойынша – 62 бірлік, 4 санат бойынша – 6 бірлік.

        Облыста 2024 жылғы 5 сәуірдегі жағдай бойынша 22 кәсіпорын тартатын 56 рұқсат қолданылады. 2024 жылдың 1 тоқсанында 7 шетелдік маман тартылды, оның ішінде 2 санат бойынша – 3 бірлік, 3 санат бойынша – 4 бірлік..

        Қолданыстағы 56 рұқсаттың ішінде басшылар мен мамандардың үлесі 98,2%, білікті жұмысшылардың үлесі – 1,8% құрайды. Шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардағы этносаралық және әлеуметтік жағдай тұрақты.

       

Екібастұз қаласында "KAZ Mineralz Bozshakol" ЖШС (Қаз Минералз Бозшакөл), "ANSA Silikon" ЖШС сияқты кәсіпорындармен шетелдік жұмыс күшінің ең көп саны тартылады. Шетелдік жұмыс күші негізінен келесі елдерден тартылады: Үндістан, Қытай, Таиланд, Украина және т.б.

        Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру және ұзарту қызметі ақылы болып табылады. 2024 жылдың 1 тоқсанында шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерден облыс бюджетіне 5,6 млн.теңге сомасына салық алымы түсті.

 

Дата публикации
05 апреля 2024