2024 жылғы 3 айдын ішінде мемлекеттік қызметтер көрсетілген бойынша есеп
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының функцияларына мемлекеттік қызметтер көрсету жүктелді.
2024ж. 1-ші тоқсанда - 1504 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Бұл қызмет қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларымен регламенттелген (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М Бұйрығы), "қандас мәртебесін беру немесе ұзарту"мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі.
2024 жылдың 3 айында 181 мәртебесін алды, 54 Кандас мәртебесін ұзартты, 2 Кандас мәртебесін ұзарту туралы шешімнің телнұсқасын алды.
Қандасты қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу - 601 қызмет.
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу-658 қызмет.
Облыс бойынша 125 бірлік квота бекітілді, 2024 жылғы 1 сәуірге 58 рұқсат қолданылады.
2024 жылдың 3 айында облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы шетелдік жұмыс күшін тартуға 7 рұқсат берді, оның ішінде 2 жұмыс берушіден 2 өтініш бойынша 4 рұқсат алды және 3 жұмыс берушіден 3 өтініш бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 3 рұқсат ұзартылды. Мемлекеттік қызмет көрсету электрондық форматта жүзеге асырылады.
Барлық өтініштер мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мерзімде қаралды
Бас тарту – 1 Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің анықтамалығына сәйкес ШЖК білім деңгейінің сәйкес келмеу қағидалары негізінде шетелдік жұмыс күшін тартуға. Барлығы 8.
Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Астана көшесі 59 мекенжайындағы ғимаратта орналасқан. Ғимаратта мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік жасалған. Кіре берісте шақыру түймесі бар, фойеде пандус жабдықталған, санитарлық бөлмеде тұтқалар бар.
Бірінші қабатта Аймақтық әлеуметтік фронт-офис жұмыс істейді. Бұл фронт-офис азаматтардың өзекті әлеуметтік мәселелерін жедел шешу үшін пәрменді алаң болып табылады.
Мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы болу үшін бірінші қабатта ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс жөніндегі бөлім орналасқан, басқарма қызметкерлері қажет болған жағдайда залда қажетті консультативтік және өзге де көмек көрсетеді.
Басқарманың мемлекеттік қызметтері бойынша ақпарат Басқарманың сайтында орналастырылады, сондай-ақ жедел желі бар.