Еңбек күшінің ұтқұрылығы туралы жыл қорытындысы бойынша ақпарат Павлодар облысына қоныс аудару

 

Ағымдағы жылы облысқа ерікті қоныс аудару бағдарламасы шеңберінде 3343 адамға (730 Отбасы) квота бөлінді, оның ішінде қандасы 972 адам қоныс аудару 2371 адам жыл басынан бері Павлодар облысының өңірлік квотасына 3352 адам (710 отбасы), қандасы 972 адам қоныс аудару 2380 адам, орындалуы 100% құрайды, көшіп келгендердің ішінен 1599 адам еңбекке жарамды жаста, 1033 адам жұмысқа орналастырылды, жеке кәсіппен 12 адам айналысады, 13 адам қайтарымсыз грант алды.

20 қазандағы жағдай бойынша 1,8 млрд. теңгеден астам сомаға 450 отбасы экономикалық ұтқырлық сертификатын алды.

Қоныс аударушылардың көпшілігі Түркістан облысынан 801 адам, Алматы облысынан 358 адам, Жетісу облысынан 298 адам келді.

Бүгінгі таңда кандас мәртебесін 1800 адам алды, мәртебе алғандардың көпшілігі Моңғолия Республикасының, Ресей Федерациясының, ҚХР-ның тумалары.

Ағымдағы жылы Павлодар облысының делегациясы ақпараттық - түсіндіру жұмыстарымен Алматы, Жетісу, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ 2500-ден астам адам қамтылған Астана, Шымкент қалаларында болды.

Дата публикации
21 декабря 2023