Сыртқы көші-қон

 

 

 

         2023 жылы Павлодар облысы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға бекітілген квота 100 бірлікті құрайды, оның ішінде:

         - 1 санат бойынша (басшылар мен олардың орынбасарлары) - 1 (факт 0);

         - 2 санат бойынша (кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелердің басшылары) - 38 (25-факт);

         – 3 санат бойынша (кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар) - 59 (40-факт);

         - 4 санат бойынша (кәсіптік стандарттарда, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар) – 2 (2-факт).

         Облыста 2023 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша 24 кәсіпорын тартатын 67 рұқсат қолданылады.

         Қолданыстағы 67 рұқсаттың ішінде басшылар мен мамандардың үлесі 97,0%, білікті жұмысшылардың үлесі 3,0% құрайды. Шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардағы этносаралық және әлеуметтік жағдай тұрақты.

 

 

 

Дата публикации
21 декабря 2023